Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Автокөлікті тіркеу жеңілдей түсті

ХҚКО-да автокөлікті тіркеуге бұрын екі сағаттан артық уақыт кететін болса, енді бұл жұмысты бір сағат ішінде бітіруге болады

Новости Казахстана / Автокөлікті тіркеу жеңілдей түсті
Фото:
ubr.ua
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған ХҚКО-да азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды.  Мамандардың айтуынша көлік иелері бұрын 40 минуттан көп уақытын айыппұлдар мен салықтар төлеуге ұзын-сонар кезекте тұрып жұмсайтын.
-  Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ға келген клиент                                       3 электрондық кезек талонын алатын, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчинов. - Алдымен  айыппұлдарды тексеру үшін әкімшілік полициясы қызметкеріне кезек күтсе, артынша салық төлемдерін тексеру үшін салық қызметкеріне, ал үшінші кезекте толық құжаттар топтамасын өткізу үшін  ХҚКО қызметкеріне жүгінетін.
Бұған қоса егер азаматтың төленбеген айыппұлдары мен салықтары бар болса,  оны төлеу үшін кассаға бөлек кезекке  тұратын еді.
-  Енді мемлекеттік корпорация қызметкері клиенттің автокөлігіне айыппұлдары немесе салық берешектері бар-жоғын өз бетінше тексере алады. Егер бар болса, электрондық үкімет порталының төлем шлюзі арқылы карточкамен төлеуге болады немесе мамандандырылған ХҚКО ғимаратында орналасқан банк кассалары арқылы төлей алады, - дейді Данияр Еренчинов.
Сонымен осы қызметтің барлығына әр азамат ақпараттық-анықтама қызметінің кеңесшісінен талон алған сәттен бастап 1 сағат қана уақытын кетіретін болады.
Жалпы жыл басынан бері мамандандырылған ХҚКО-ларда көліктерді қайта тіркеу қызметтерін 435 706 қазақстандық пайдаланған екен. Ал осындай мамандандырылған ХҚКО-лар еліміздің 11 қаласында - Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Ақтөбе, Қостанайда бар.     
 
Ерке Мұхаметкәрім

Следующая →