/ Новости Казахстана

Парламент Мәжілісінің депутаттары облыс тұрғындарымен кездесті

Облысымызға «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
15 июля 2016 года, 12:32 176
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Парламент Мәжілісінің депутаттары облыс тұрғындарымен кездесті
Источник: © Алдасан Фото: © aigak.kz
Жұмыс сапары барысында Бақытжан Ертаев пен Евгений Козлов облыс орталығының тұрғындарымен кездесіп, олардың көкейінде жүрген, шешімін таппай жатқан проблемаларын тыңдап, арыз-шағымдарын қабылдады.
- Елбасымыз бізге бағыт береді. Ал біз оның айтқан бағыты бойынша жұмыстар жүргізіп, халықпен кездесіп, осы тұрғыда халықтың пікірін естіп-біліп, қайтадан депутаттардың талқысына салуымыз керек. Біз өзіміз шешім қабылдамас бұрын халықтың пікіріне құлақ асуға міндеттіміз, - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев.
Тұрғындармен кездесу барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Қазақстан жаңа нақты ахуалда Өсім, Реформалар, Даму» атты Елбасының халыққа жолдауы және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жүзеге асырылуы жайлы айтылды. 
 Ерке Рағызбаева
 

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.
Получайте уведомления от Устинка Live