Усть-Каменогорск
ясно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +4°
  • Актобе
    +4°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +5°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +5°
  • Кызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бизнестің жол картасы бәсекелестікке жаңа мүмкіндіктер ашты

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының арқасында қаламызда шыныны ағылшындардың  CRI әдісі бойынша әзірлейтін «УК Триплекс» ЖШС жаңа цех ашты

Мекеме жұмысының басты бағыты көп текшелі, кез келген кескіндемелі «триплекс» шыныларын шығару. Шығарылатын шынылардың түрлері де өте көп. Олардың ішінде шыныпакет, автокөлік, арнайы техника, су көліктеріне, жиһаз, сөрелерге және тағы басқа мақсаттарда пайдалануға арнаған шынылар бар.
 «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ашылған жаңа цех шыныпакеттерін шығарады. Жаңа цехтің базасында автоматы желілер қолданылады, Жаңа құрылғыларда 2-3 камералы энергия үнемдеуші шыныпакеттері әзірленеді. Алдағы уақытта бұл цехте пластик терезелерді де шығару жоспарланып отыр.
 - Біздің бәсекелестерімізден артықшылығымыз – шыныпакеттерінің сан түрлі, яғни,  декоративті, винтажды, архитектуралы, оқ өткізбейтін болуында, - деп атап өтті мекеме менеджері Александр Власенко.
Сонымен қатар, менеджер мекемеде архитектуралық дизайнды, күннен қорғайтын, жылу сақтайтын, соққыға қарсы, брондалған, оқ өткізбейтін шынылардың әзірленетінін атап өтті.
Бүгінгі таңда өңірімізде шыныпакеттерін автоматты түрде әзірлейтін бірде-бір мекеме жоқ. Бар мекемелер шыны пакетті жартылай механизаторланған түрде немесе таза қолмен әзірлеп шығарды. Сонымен қатар қазіргі нарықтағы шыныпакеттерінің 25%-ы Ресей, Қытай, Түркия елдерінен әкелінеді.
 «УК Триплекс» ЖШС-ның алдағы мақсаты қазіргі жетістіктерімен тоқтап қалмай, нарықтың сұранысына қарай өнімдердің өндірісін ұлғайтуды және шығарылатын шыны түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр.
 Ерке Биғазина

Следующая →