Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Сыйымдылығы стандартқа сай емес облыстық диспансердің жағдайы қандай?

Жыл сайын 8,8 миллион адам туберкулезбен аурады және  шамамен 2 миллиондай адам осы аурудың салдарынан көз жұмады

Новости Казахстана / Сыйымдылығы стандартқа сай емес облыстық диспансердің жағдайы қандай?
Фото:
Е. Казаковцеванікі
Көпшілікке үрей әкелетін бұл аурудың алдын алу жолында жасалып жатқан жұмыстар мен облысымыздағы бұл саланың кемшіл тұстары жайлы облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Динара Садуақасова айтып берді. 

Ауру қалай пайда болады?

Әр адамның бойында кох таяқшалары болады. Қазақстандықтардың 90%-ы бұл ауруға қарсы егілген. Шыр етіп дүние есігін енді ғана ашқан нәрестеге екінші күні-ақ, осы ауруға қарсы екпе жасалады. 
- Егер адам көп уайымдайтын болса, дұрыс тамақтанбаса, бейәлеуметтік өмір салтын ұстанса, жаман әдеттерге жуық болса, оның иммунитеті нашарлап, ауруды жұқтырып алу қаупі артады, - деп атап өтті Динара Жамбылқызы. 
ШҚО Туберкулезге қарсы диспансерде емделушілердің 75%-ы бейәлеуметтік өмір салтын ұстанады. Олардың ішінде ЖҚТБ ауруына шалдыққандар, есірткі мен ішімдікті қолданушылар бар. 
- Туберкулез ауруына қоғамдағы әлеуметтік жағдайына қарамастан шалдығуы мүмкін. Сондықтан кез келген адам өз бойында әлсіздік, шаршау, тершеңдік, түңгі тершеңдік белгілерін байқаса, екі аптадан артық жөтеліп жүретін болса, бірден дәрігерге қаралу керек, - деп атап өтті дәрігер. 
  Дұрыс жуынып, шайыну. Уақытылы тамақтану және өз денсаулғыңа база назар аудару әр аурудың алдын алуға көмектеседі. Тазалықты сақтау қай заманда да өзекті қажеттіліктердің бірі болып қала бермек. 
- Туберкулез әлеуметтік маңызы бар аурулардық қатарында болса да, ол әр адамның өзіне байланысты. Қоғамдағы әр адам өзінің тазалығын сақтамайынша, ауырып қалған кездерінде дәрігерге уақытылы қаралмайтын болса, ауру да азаймайды, - деді облыстық туберкулезге қарсы диспансердің директоры Динара Садуақасова. 


Шешімін таппаған мәселе қандай?

Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бірнеше ғимараты бар. Солардың бірі 100 орындық терапевтік бөлім. Өткен жылы бұл бөлімнің ғимараты апаттық деп танылып, науқастар өзге бөлімдерге алмастырылды. 
- 1972 жылы арнайы талаптарға сәйкес салынған бұл ауруханада шамамен 2000 жылдардан бастап түрлі келеңсіздіктер басталды. Алайда олардың барлығына уақытылы жөндеу жұмыстарымен алынып отырды. 2015 жылдың күз мезгілінде бұл бөлім толығымен жарамсыз деп танылып жабылды, - деп атап өтті Динара Жамбылқызы. 
Алматы қаласынан келген арнайы тексеру комиссиясының шешіміне сәйкес, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің терапевтік бөлімі жөндеуге жарамсыз деп танылды. 
Бұл бөлімде жатқан науқастардың жартысы өзге диспансерлерге ауыстырылса, тағы бір бөлігі осы диспансердің хирургиялық бөлімінің бірінші қабатына орналастырылды. Нәтижесінде 4 орындық палатаға 6-8 адамнан орналастырылды. 
- Барлық медициналық мекемелерге арналған арнайы нормативтер бар. Сол нормативтерге сәйкес, инфекциялық ауруханаларда, оның ішінде туберкулезге қарсы диспансерлерде 1 туберкулез ауруымен ауыратын науқасқа 7 шаршы метр орын бөлінуі керек. Бірақ ақиқатында біз мұны орындай алмай отырмыз, - деп баса айтты облыстық туберкулезге қарсы диспансерлердің бас дәрігері Динара Садуақасова. 
Аталған мәселені шешудің жалғыз жолы жаңа туберкулезге қарсы диспансердің құрылысын бастау болып отыр.
- 2013-2014 жылдары Глубокое ауданының әкімдігі жаңа туберкулезге қарсы диспансердің құрылысына жер бөліп береді. 2015 жылы облыстық әкімдік диспансердің жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға арналған тендерлер өткізеді де, сонымен іс тоқтап қалады, - деді Динара Садуақасова.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасында аталмыш диспансердің ғимаратына қатысты барлық құжаттарды ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жолдағандарын айтты. 
- Жағдайдың барлығы қаржыға келіп тірелетіні анық. Сондықтан қажеттілігі басым бағыттар қаржыланады. Оның үстіне бұл диспасердің құрылысына арналған қаражатты облыстық емес республикалық бюджеттен күту керек, - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сергей Попов. 
Мұнымен қоса, 2010 жылы бұл ғиматтар инфекциялық бақылаудың нормаларына сай болмай жабылып, қайта ашылған екен. Ал бүгінгі таңда диспансердің бакзертханасы дәл осындай талаптарға сай болмағаны үшін жабық жатыр. Белинский көшесінде орналасқан диспансердің қабырғалары жарылып, шытынап жатқан көрінеді. Бұл туралы да бас дәрігер өз сөзінде айтып өтті. 


Науқастар ұжымға риза

Диспансердің мамандары болса аталған қиындықтарға қарамастан өздерінің жұмыстарын сапалы түрде орындауға тырысуда. Диспансердің дәрігерлері жылына бірнеше рет біліктілікті арттыру курстарына барып,өз тәжірибелерімен алмасын келеді. Ауруханының ішінде барлық тазалық нормалары сақталған. Науқастар талаптарға сәйкес күніне 6 рет тамақтанады. 
-  Мен ең алғаш осы жерге түскенде қатты үрейлендім. Себебі бұл аурухананың атауы адамға қорқыныш сезімін ұялатады. Дегенмен барлығы мен ойлағандай жаман болмай шықты. Дәрігерлер мен медбикелер күнде менің жағдайымды біліп келіп отырады. Отадан кейін реанимацияда жатқанымда әр медбике менімен өзінің досы, сырласы ретінде сөйлесіп, менің бар қорқынышымды сейілте білді. Қазіргі уақытта жағдайым жақсы. Күніне 6 уақыт тамақтанып, емдерімізді қабылдаудамыз, - деді терапевтикалық бөлімнің науқасы. 
Мекеме ота жасауға арналған заманауи құрылғылармен де жабдықталған. Дәрігерлер болса, күрделі оталарды жасауға бейімделіп алған. Өкпе ауруының күрделілігіне қарай түрлі әдістермен ота және емдеу жұмыстары жүргізіледі. 
Мекеме инфекциялық диспансер болғанына қарамастан, жас мамандар бұл жерге жұмысқа келуден қорықпайды екен. Медициналық университетті бітіріп, бойында жігері тасып тұрған жастар, әр науқасқа өзінің қол ұшын созуға ұмтылып отыр. 
Диспансердің басшылығы заманмен қатар адымдауға тырысып, өз салаларында пайда болған барлық жаңашылдықтарды пайдалануда.  
- 410 науқасымыз болды. Қазір олардың саны 310.  Халықаралық әдістерді пайдаланудың арқасында аурудың жұқпалы емес түрін амбулаторлы түрде емдеуге мүмкіндіктер бар. Біз ол мүмкіндіктердің барлығын пайдалануға тырысудамыз, - деп атап өтті дәрігер. 
 
Ақерке Ақылбекқызы

Следующая →