Усть-Каменогорск
пасмурно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Біздің міндет – халыққа қызмет

«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заң елдегі мемлкеттік қызметтің мансаптық моделіне өтудің құқықтық негізін айқындады

Новости Казахстана / Біздің міндет – халыққа қызмет
Фото:
vchasnoua.com
Жаңа заң бойынша мемлекеттік қызметшілер енді жаңа әдіспен жалақы алып, жас мамандардың сынақтан өту мерзімі алты айға дейін ұзартылады. Мемлекеттік қызметкердің мансабы жаңа үлгіде қалыптасатын болады.

Жақында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО Мемлекеттік қызмет бойынша департаменттің бөлім басшысы Марат Қожахметов мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жүзеге асыру жайында айтты.

Мемлекеттік қызметшілерді ілгерілету төменгі лауазымдардан жұмыс өтілі болған кезде және ішкі конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады.

- Ішкі конкурстың алғашқы кезеңіне сол мемлекеттік органның өз қызметкерлері қатыса алады, - дейді ШҚО Мемлекеттік қызмет департаментінің жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Марат Қожахметов. - Ішкі конкурс туралы ақпарат мемлекеттік органның ресми сайтында жарияланатын болады. Құжаттар осы ақпарат жарияланғаннан бастап 5 күн ішінде қабылданады.

Жалпы ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша облысымызда 688 мемлекеттік мекеме қызмет етсе, оның 521-і жергілікті атқару органдары. Ал өңірдегі мемлекеттік қызметкерлердің штаттық көрсеткіші - 8335 адам.

- Ағымдағы бес айдың ішінде мемлекеттік органдар 531 бос орынға арналған ішкі конкурстар мен 343 бос орынға арналған жалпы орынбасарлық конкурстар өткізген, - дейді Марат Қожахметов. - Жалпы конкурсқа қатысушылар үш кезеңдік іріктеуге қатысатын болады.

Сонымен қатар, жиын барысында наурыз айында департамент ұйымдастырған 6-8-сыныптар арасында «Балалар жемқорлық жайлы не ойлайды?» тақырыбында салынған суреттер конкурсына жіберілген туындылар көрмесі қойылды. Бөлім басшысының айтуынша, конкурсқа қала және аудан мектептерінен мыңнан астам суреттер келген. Оның жиырмаға жуығы үздік деп танылып, марапатталды.

Назерке Нұрболатқыз
Следующая →