/ Новости Казахстана

Бұқтырма СЭС-інің жұмысы жүйеленген

Үш бірдей гидроэлектрстанциясынан бір мезгілде су жіберу Бұқтырма су электрстанциясының жұмысын жоспарға сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр
30 июня 2016 года, 13:37 534
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Бұқтырма СЭС-інің жұмысы жүйеленген
Источник: © Алдасан Фото: © Е. Казаковцеванікі
Бүгінгі таңда Ертіс жағасында орналасқан елді мекендерді су басу қаупі артта қалды. Дегенмен өткен аптада 57 саяжай үйлері су астында қалғандығы туралы жағдай тіркелді.

- Су астында қалған тұрғын үйлер заңсыз салынған. Үйді салар алдында үй иелері арнайы мекемелерге барып, су деңгейінің көтерілу жағдайын ескеріп, құрылыстарын жүргізу керек болатын, - деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.

Су басу жағдайынан зардап шеккен 105 тұрғын 5 мектеп пен әлеуметтік нысандарға эвакуацияланды. Бүгінгі таңда Бұқтырма су қоймасынан су жіберу жұмыстары генараторлы режимде жүргізілуде.

- Бұқтырма су қоймасынан су жіберу жұмыстары генараторлы режимде жүргізілуде. Қуаттылығы 2196 с/м3-ті құрайды, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Естеріңізге сала кетсек, бұл жағдай 50 жылда алғаш рет орын алды. Алайда тұрғындарға уайымдаудың қажеті жоқ. Өйткені Бұқтырма су қоймасы алғаш рет өзінің жобалық мүмкіндігіне сай толды.

Сондай-ақ, су басу қаупі бар ауданның тұрғындары 8 (7232) 55-38-19 жедел нөміріне хабарласа алады.

Ақерке Ақылбекқызы

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.

Новости по теме

наверх