Екі ШҚО азаматы Сібір жарасы дертіне шалдығуы мүмкін
Ағымдағы жылдың 17 маусымында Жарма ауданынында Сібір жарасы дертіне күдіктенген екі тұрғын ауруханаға жатқызылған
Фото:
www.skalpil.ru
Бүгінгі баспасөз мәслихатында облыс басшысының орынбасары Дүйсенғазы Мусин бұл нақты Сібір жарасы деген шешім қабылдауға ерте екендігін мәлімдеді.
- Облыстық және жергілікті ветеринария қызметі барлық шараларды жүргізіп жатыр, - деді облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мағауияұлы. - Сенбі күні арнайы құрылған топ мал жайылған жайлауға барып, тексеру шараларын жүргізген. Құжаттарды тексеру барысында ауданның ветеринар мамандары вакциналау жұмыстарын 19 сәуірде жүргізгендігі анықталды.
Бұл Сібір жарасы болуы мүмкін деген күдік болғанымен, толық шешім зертхана талдауының нәтижесінде 27 маусым күні шығарылатын болады.
- Ауруханаға жатқызылған малдың иесі мен оның көршісінің жағдай қанағаттанарлық, - деді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ғазиз Сүлейменов. - Олармен байланыста болған 29 адам анықталды, оның бесеуі - балалар. Олардың барлығы 7-14 күн бақылауда болады.
Өңір басшысы орынбасарының сөзіне сүйенсек, қауіпті дерттің клиникалық белгілері жоқ. Диагноз әлі нақтыланбағандықтан, ауданда карантин жарияланғанбаған. Аудан жіті тексеріліп, алдын алу шаралары жүргізілуде.
Айта кетейік, Сібір жарасы мал және жабайы жануарлардың бациллус антрацис микробын коздыратын, жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Онымен адам да (түйнеме, күйдіргі) ауырады. Алайда адаманан адамға жұқпайды. Сонымен қатар, өңірімізде соңғы 10 жылда бұл дертке қатысты оқиға тіркелмеген.
Назерке Кәрімова
Следующая →