Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көктемгі маусымдық аллергияны қалай жеңуге болады?

2015 жылы облысымыз бойынша 5567 адамның маусымдық аллергиясы ушығып, емханаларға жүгінген екен

Новости Казахстана / Көктемгі маусымдық аллергияны қалай жеңуге болады?
Фото:
baobablife.ru
Ағаштардың бүр жарып, өсімдіктердің гүлдене бастаған тұсында көптеген адамда поллиноз ауруы басталады. Яғни, өсімдік пен шөп тозаңына, қаратеректердің шашқан мамықтарына аллергия басталады. Дәрігерлер паллионоз ауруының маусымдық сипаты бар деген пікірде. Әсіресе желмен тозаңданатын өсімдіктер гүлдеп, ауада тозаң көбейген кезде, организмнің сезімталдығы байқалады.

- Шығыс Қазақстан облысында поллионезбен ауырудың бірінші шыңы сәуір айының соңынан маусым айының басына дейін ағаштар тозаңы салдарынан болады. Ағаш тозаңы салдарынан аллергиясы бар науқастарда қиылыспалы реакциялардың болу мүмкіндігінен қайың шырыны, алма, киви, қарақат, өрік, шабдалы, шие, грек жаңғағы, миндаль, сәбіз, картоп, қызанақ, қияр, тағам дәмдеуіштері бар азық-түлік түрлерін қолданбауға кеңес береміз, - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сергей Попов.

Сонымен қатар Сергей Попов спецификалық емнің тиімді тәсілі – аллергенді толығымен элиминациялау болып табылатынын атап өтті. Яғни, қала сыртына, өсімдігі көп өсетін жерлерге шықпау, серуеннен кейін киімдерді ауыстыру, көшеде қара көзілдірік киіп жүру, сырттан кірген соң міндетті түрде душ қабылдау, ғимарат ауасын кондиционерлеу, аллергенді қасиеттері бар тамақтарды сұрыптау.

Көктем мезгілінде адамдардың аллергиясын қаратеректерден ұшатын мамықтар да оятып жатады. Сондықтан қалалық ТҮКШ бөлімінің тапсырмасымен көшелердегі мамығын шашатын қаратеректер шабылады.

- Биыл қалалық бюджеттен бөлінген қаражат негізінде Бажов (Самал, Аэропрот аймағы), Образцовая көшелері, Тәуелсіздік даңғылы (Электротовары аялдамасынан Бажов көшесіне дейін) бойындағы қызыл сызық шегінде өсіп тұрған ағаштарды қалыптап, санитарлық кесу және авариялық жағдайдағы ағаштарды түбімен қопарып алу бойынша жұмыстары жүргізілетіндіктен, бұл жұмыстар күзгі кезеңде жапырақтар түскеннен кейін жүргізіледі, - деді Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Азамат Нығматов.

Өскемен қаласының ТҮКШ бөліміне аулаларда өсіп тұрған ағаштарды кесуге рұқсат беру туралы өтініштер де келіп түседі екен. Бөл өтініштер ТҮКШ мамандарымен қаралып болғаннан кейін ғана рұқсат беріледі. Ал рұқсаты бар тұрғындар ағаш кесу жұмыстарын өз күштерімен немесе қандай да бір мекемеге тапсырыс беру арқылы жүзеге асыра алады.

Ақерке Рағызбаева
Следующая →