Елімізде сәби шетінеуі жиілеп кеткен
Елімізде бір жасқа толмаған балалар өлімі күрт артқан. Деректер бойынша жыл басынан бері мыңнан астам бейкүнә сәби шетінеп кеткен
Фото:
babymassageufa.ru
Республика бойынша өлім-жітім саны 12 пайызға артып отыр. Оған түрлі дерт пен оқыс оқиғалар себеп болып отыр. Бұл көрсеткіш, әсіресе, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына қатысты.
Алайда бұл көрсеткішке облысымыздың ешқандай үлесі жоқ екенін мамандардың берген ақпаратынан білуге болады.
- 2013-2015 жылдардағы көрсеткіштер бойынша облыста ана мен бала өлімінің динамикасы азая түскен, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сергей Попов. - Яғни, 3 пайызға кеміген.
Ағымдағы жылдың 26 мамырындағы жағдай бойынша облысымызда 8693 нәресте дүние есігін ашыпты.
Мамандардың айтуынша, ана мен бала өліміне көбінесе әйел адамдардың немқұрайлылығы да себеп болып жатады. Одан өзге мамандардың жетіспеушілігі де өз ықпалын тигізбей қоймайды. Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бізде ана мен бала денсаулығын бақылайтын білікті акушер-гинеколог, реаниматолог және неонатолог жетіспейді.
Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →