Усть-Каменогорск
малооблачно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +5°
  • Актобе
    +7°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +4°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
450.07
-1.20
488.51
-0.62
¥
62.35
-0.34
4.86
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Музарт» тобы Шығыста іріктеу жүргізді

Музарттықтар өз ізбасарларын шырайлы Шығыс өңірінен іздемекке Өскеменге ат басын бұрды

Новости Казахстана / «Музарт» тобы Шығыста іріктеу жүргізді
Фото:
Е. Казаковцеванікі
Биыл "Қазақстан" Ұлттық телеарнасында осы жылдың үздік мега-жобасы - "МузАРТ LIVE" тұсауын кеспек. Аталмыш тележобаға үш кезеңнен іріктеліп өткен 16-25 жас аралығындағы талантты жігіттер қатыса алады. 1-кезең, яғни, онлайн іріктеу 15-ші наурыздан 15-ші сәуір аралығында өтті. Онда жас таланттар өздерінің ән айтқан бейнежазбаларын жіберген. Онда барлығы 12 мыңға жуық үміткер өтініш білдіріпті.

Ал екінші аймақтық кезең топ мүшелерінің тікелей қатысуымен өтіп жатыр. Байқаудың аймақтық іріктеу кезеңі 10-шы мамырдан 25-ші мамыр аралығында Қазақстанның 5 қаласында - Астана, Алматы, Атырау, Өскемен және Шымкентте өтеді.

Астана мен Шымкенттен кейін музарттықтар 16 мамырда Өскеменге де келді. ШҚО Драма театрына Шығыстың әр өңірінен жас дарынды әншілер жиналып, жылдың мега-жобасында өз бақтарын сынап көрді. Іріктеуге 100-ден астам үміткер қатысты.

- Барлығы бес қалада іріктеу жүргіземіз, - дейді «Музарт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев. - Үлкен жоғарғы оқу орындары бар, музыкалық білім ошақтары бар үлкен мегаполистерді таңдадық. Көрсеткіштер өзіміз ойлағандай. Қазақтың талантты жігіттері көп екеніне көзіміз тағы бір мәрте жетіп отыр.

Екінші кезең біткеннен кейін қазылар алқасы 2 аптаның ішінде байқаудың үшінші кезеңіне жолдама алатын 60 үміткерлердің есімін жариялайды. Ұлттық музыкалық тележобаның 3-кезеңі үміткерлерге телетүсірілімге қатысу мүмкіндігін береді.

- Бұл тек теле-жоба ғана емес, ұлттық арнаның қолдауымен ел ішінен өз ізбасарларымызды тауып, шәкірт тәрбиелеу мақсатында қолға алынған жоба, - дейді Сәкен Майғазиев. - Әзірге қандай топ болары белгісіз. Трио, квартет те, квинтет те болуы мүмкін. Бұлақ көрсең көзін аш дегендей, осы жоба арқылы шын өнерлі жігіттер елге танылып, жақсы продюсерлердің көзіне түсіп жатса игі еді.

Ал үш кезеңнен сүрінбей өткен алты үміткер ғана ақтық сынға қалады. Өңірімізден аталмыш байқауға төрт үміткер өтті. Жерлестерімізге ақ жол тілейміз!

Назерке Кәрімова
Следующая →