Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Колледждерді түбегейлі өзгерістер күтіп тұр

Алдағы 3-4 жылдың ішінде еліміздегі колледждердің оқыту бағдарламалары түбегейлі жаңаланатын болды

Новости Казахстана / Колледждерді түбегейлі өзгерістер күтіп тұр
Фото:
cdn.otyrar.kz
2017 жылдан бастап колледж студенттері жоғары оқу орнына түсу үшін тапсыратын кешенді тестілеу Ұлттық бірыңғай тестілеумен теңестіріледі. Колледж студенттері де жоғары оқу орнының дипломын иелену үшін ҰБТ тапсыратын болады.

ҰБТ мен кешенді тестілеу теңестіріледі

Еліміздегі жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген әрбір талапкер таңдалған оқу орнына (мемлекеттік немесе жекеменшік) және оқу формасына (іштей және сырттай) қарамастан, міндетті түрде ҰБТ тапсыратын болады. ҰБТ-дан алған ұпайларына байланысты жоғары оқу орындарына қабылданады.

– Биыл колледж түлектері кешенді тестілеуді қайта тапсыра алады. Бұл ҰБТ мен КТ арасындағы жағдайды теңестіреді. Бұл ретте жоғары оқу орындары КТ тапсыра алмағандарды шартты студент ретінде қабылдау мүмкіндігіне ие. Кейін оны қаңтар айына дейін өз ішінде дайындай алады. Егер студент келесі жылдың қаңтар айында сынақты тапсырса, оның алғашқы екі семестрде алған кредиттері есепке алынады, - деді халыққа есеп беру кездесуінде Ерлан Сағадиев.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 5 пәннің негізінде өткізілсе, кешенді тестілеу төрт пәнді қамтитын. Бүгінгі таңда кешенді тестілеуді колледж студенттері ғана емес, өткен жылы бітірген түлектер, халықаралық студенттер алмасу негізінде шетелдік мектептердің түлектері, республикалық музыкалық мектеп-интернат түлектері тапсыра алады.

Айта кету керек, 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу екіге бөлінеді. Яғни, тестілеу мектептерде және жоғары оқу орнында өткізіледі. Мектептерде алған білімі бойынша қорытынды емтихан тапсырса, жоғары оқу орындарында арнайы бақылау сұрақтарын қамтитын тестілеу өткізіледі. Сонымен қатар, ҰБТ-дан қажетті ұпай жинай алмаған оқушы коммерциялық негізде тестен екінші рет өту мүмкіндігіне ие.

– Кешенді тестілеуді де қайтадан тапсыру мүмкіндігі қарастырылған. Белгілі мерзімде тестілеуден өтпеген студенттер келесі жылдың қаңтар айында өткізілетін тестілеуден қайта өту үрдісіне қатыса алады. Онымен қоса, студент жоғары оқу орнында шартты түрде оқып жүріп дайындала алады. Егер студент қаңтар айындағы қайтадан кешенді тестілеуден жақсы өтсе, жоғары оқу орнына ресми түрде қабылданды деп саналады, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Сұлтанова.

Шетелдік тәжірибе ескеріліп…

– «Кәсіпқор» бағдарламасы пысықталды. Ол республикадағы барлық 807 колледжге енгізіледі. 100-ден астам бағдарлама бойынша биылғы жылы 2 мыңнан астам оқытушы оқытылады. 3-4 жылда колледждің барлық оқу бағдарламаларының мазмұны жаңартылады, - деді министр.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен әлемдік деңгейдегі колледждер жүйесін құру және дамыту мақсатында «Кәсіпқор» холдингі құрылған екен.

– «Кәсіпқор» бағдарламасының мақсаты – шетелдік серіктестермен (Канада, Ұлыбритания, Германия, Австралия) бірлесе отырып, кәсіби стандарт талаптарына сай үздік шетелдік тәжірибелер негізінде арнайы білім беру бағдарламасын модульдік құзыреттілік тұрғысынан құрастыру, - деді Айнұр Сұлтанова.

«Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2012-2015 жылдары 45 білім берудің модульдік бағдарламаларын құрған.

– Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің басшылығымен өткен отырыста «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамына ағымдағы жылдың маусым айынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының инженер-педагог қызметкерлеріне біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру жауапкершілігі жүктелген.

Бұл курстың мазмұны модульдік құзыреттік тәсіл негізінде Холдинг құрастырған білім беру бағдарламасының механизмін және ерекшеліктерін оқытуды қарастырады.

– ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарынан директордың орынбасарларын, жалпы кәсіптік пәндер оқытушыларын, бөлім меңгерушілерін, әдіскерлерін және аға шеберлерін біліктілік арттыру курстарына жіберу жоспарланып отыр, - деп түсіндірді Айнұр Оралқызы.

Ақерке Рағызбаева
Следующая →