/ Новости Казахстана

«Шығыс-Пробация» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Кейде өмірде жаза басып, сәл нәрседен қателесіп, кейін бармақ тістеп, өкініп жататын жандар аз емес
15 апреля 2016 года, 12:57 1741
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - «Шығыс-Пробация» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
Источник: © Алдасан Фото: © vesti.lv
Екі қолымен жасаған ісін мойнымен көтеріп жүрген азаматтарымыз да бар.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды бақылауға алып, олардың психологиялық түсінігін жақсартып, осы қоғамға бейімдеп, болашақта теріс жолға түспеуге үгіттеу – пробация қызметінің алдындағы мақсаттардың бірі.

22.01.2016 жылғы бірлескен жұмыстық кеңес шешімінің орындау мақсатында ШҚО бойынша ҚАЖД аумақтық пробация қызметтері және ШҚО ІІД жергілікті полиция қызметтерінің өзара бірлескен іс-қимыл қорытындасы туралы 2016 жылдың сәуір айының 11-17 аралығында «Шығыс-Пробация» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу туралы бұйрығына сәйкес, Глубокое аудандық пробация қызметі бөлімі Глубокое аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп іс-шараларын жоспарға сай өткізуде.

Атап айтқанда, Глубокое аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінен 197 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға соталғандар өткен, осы сотталғандардың тарапынан қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында Глубокое аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі инспекторларымен бірлесіп сотталғандардың тұрғылықты мекен жайын тексеріп, сотталғандарға әсер ете алатын жақын туыстарымен сұқпат жүргізуде.

Тұрғылықты мекен жайын тексеру барысында, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға соталғандар тарапынан қандайда бір әкімшілік құқық бұзушылық немесе сотпен белгіленген міндеттерді бұзған жағдайда, пробация қызметі тарапынан сотталғандарға жаза қолданылады. Атап көрсеткенде, сотталғадардың қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларын, бас бостандығынан айыру жазасына немесе шартты сынақ мерзімін ұзартылады.

Сонымен қатар, пробация қызметі есебіндегі сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен, кәсіпкерлермен меморандум жасау, қол қою жұмыстарын жүргізіп және жұмысқа орналастыру барысында сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.
наверх