Усть-Каменогорск
ясно
-7°
  • Усть-Каменогорск
    -7°
  • Алматы
    +4°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    +1°
  • Форт-Шевченко
    +6°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    +1°
  • Кокшетау
    -7°
  • Костанай
    -10°
  • Кызылорда
    +7°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +9°
  • Уральск
    -8°
  • Шымкент
    +10°
$
449.3
+0.72
489.69
+1.14
¥
62.42
+0.08
4.89
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жазғы демалыс мерзімі 2 аптаға қысқартылмақ

Жаңа оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары аптасына 5 күн ғана оқитын болады. Алайда олардың оқу жүйесінде ІV тоқсанның мерзімі ұзартылмақ

Новости Казахстана / Жазғы демалыс мерзімі 2 аптаға қысқартылмақ
Фото:
vyazma-market.ru
ҚР Парламентінің алғашқы сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және Ғылым министрлігіне 5 күндік оқу жүйесін енгізуді тапсырды.

- Барлық дамыған елдердің мектептері 5 күн оқиды. Балаға қалпына келуге, мұғалімге тынығуға, сабаққа дайындалуға уақыт беріледі. Балалардың барлығы сабақбасты болып кеткен. Сондықтан кейбір сабақтарды біріктіріп, кейбірін алып тастау керек, деді Президент.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 5 күндік оқу жүйесіне ауысу 3-4 жылда жүзеге асатынын мәлімдеді. Алайда бірнеше күНнен кейін бұл жаңашылдық көп ұзамай енгізілетіні белгілі болды.

- Биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылар аптасына 5 күн оқитын болады. 2017 жылы 5 күндік оқу жүйесіне 2,5,7,9-сынып оқушылары ауысса, 2018 жылы қалған сыныптар ауысады, - деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.

Сонымен қатар, министрлікте берілетін ақпарат көлемі, сапасы, оқу жүйесі бұзылмас үшін жазғы демалыстың мерзімі 2 аптаға шегерілетінін айтты.


Ақерке Рағызбаева
Следующая →