Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шаш ал десе, бас алған әкімшілік

Смартфон телефонын пайдалануға тыйым салынған жаңа заңның журналисттерге еш қатысы жоқ болып шықты

Новости Казахстана / Шаш ал десе, бас алған әкімшілік
Фото:
iguides.ru

 Ал смартфон телефондырын қолданған мемлекеттік қызметкерлердің тартылатын жазасы әлі күнге белгісіз болып отыр.

Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерімен өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Ақырғы кездері Өскемен қаласының қалалық әкімшілігіне келген журналисттердің смартфонды ұялы телефондарын кіре берісте алып қалған жайттар жиі қайталанған еді. Ішінде диктофон құрылғысы бар телефон журналисттер үшін ауадай қажет екенін ескерген де жоқ болатын.

- Бұл заң журналистерге қатысты айтылған жоқ. Тек мемлекеттік қызметкерлерге ғана бағытталған. Ондай оқиғалар заңды дұрыс түсінбегеннің салдарынан болып отыр. Шығарылған әр заңды дұрыстап, зерделеп тұрып оқу қажет, - деді Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева.

Ал смартфон телефондарын қолданған мемлекеттік қызметкерлердің хәлі не болмақ? Бұл жайлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрi Талғат Донақов:

- Бұл тыйымды бұзған жандарға нақты жаза әлі қарастырылған жоқ. Алайда «Мемлекеттiк қызмет туралы» заңнамадағы тартылатын жауапкершіліктің бірінің қолданылуы ықтимал, - деп жауап берді.

Следующая →