Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Біліктілігіңді арттырғың келе ме? Төле!

Дәрігерлер мен медбикелер бес жылда бір рет өз қалталарынан 18-27 мың теңге шығарып, біліктілік санаттарын аттестация тапсыру арқылы көтере алады

Новости Казахстана / Біліктілігіңді арттырғың келе ме? Төле!
Фото:
uz24.uz
Бұған дейін аттестация Дүниежүзілік банктің есебінен жүзеге асырылатын. Биыл аталмыш банк Қазақстан аумағындағы өзінің жұмысын аяқтады. Сондықтан 2016 жылдан бастап, медициналық қызметкерлер біліктіліктерін өз қаражаттарының есебінен растайтын болады. Мысалы, біліктілігін растағысы келген немесе біліктілік санатын жоғарлатқысы келген дәрігер тестілеудің бірінші кезеңіне – 2950 теңге жұмсаса, кәсіби дағдысына баға алу үшін – 24 285 теңге жұмсайды.

Тестілеудің екінші кезегінің өзі бірнеше тапсырмадан тұрады. Егер сол тапсырмалардың бірінен 90% жиналмай қалатын болса, ары қарай тесті тапсырудан шеттетіледі. Алайда дайындалып, тестілеуден өту үшін қайта төлеу арқылы тапсыру мүмкіндігі бар.

Облыстық диагностикалық орталығында ынталандыру орталығы жұмыс істейді. Бұл жерде медициналық қызметкерлер аттестацияның екінші кезеңінен өтеді. Мамандардың тәжірибедегі жұмысын бақылау үшін манекендер компьютерлерге қосылған. Мұндағы мақсат алғашқы медициналық көмек көрсетуді лайықты деңгейде бағалай білу. Сонымен қатар бұл жерде медицина қызметкерінің бейімділігі, науқастарға сұрақ қоюы бақыланады.

Жоспарға сәйкес, аттестацияның мұндай түрі медициналық қызмет көрсетудің сапасын жоғарлатуы керек. Тек саланың кеңес өкілдері аттестациялауды жұмысшының қызмет орны төлеуі керек деген ойды алға тартып отыр.

Ерке Биғазина
Следующая →