Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Еңбек өтілін сотта дәлелдейді

Зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер аясында зейнетақы жарнасы дұрыс аударылмай, еңбек өтілі дұрыс есептелмеген тұлғалар сотқа жүгіне алады

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ы көлемінде тағайындалып келген базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарай есептеле бастады. Бұл ретте кей жұмыс берушілердің төлемді дер кезінде аудармай немесе бірнеше айды қосып, бір рет төлем жасағандары анықталды.

- Жылына екі рет жасалған төлем зейнетақы жүйесінде екі айлық еңбек өтілі болып саналады. Сонымен қатар, 1 айға бірнеше міндетті зейнетақы жарналары төленген болса, 1 ай еңбек өтіліне есепке алынатын болады. Бұл заңда көрсетілген, сондықтан адамдар еңбек кітапшасындағы жазбалармен сот арқылы еңбек өтілін дәлелдеуі қажет, - дейді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Болат Сәтеков.

Сонымен бірге, департамент басшысы жеке қожалықтардың зейнетақы жарналары туралы пікір білдірді.

- Арнайы салық режімін қолданатын агенттер, шаруа қожалықтары немесе фермерлер міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде МТ-102 форматындағы бір төлем тапсырмасымен міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезеңдерді (ай/айлар, жыл) көрсете отырып аударады, - дейді Болат Сәтеков.

Айта кетейік, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу кезінде кеткен қателіктерді, атап айтсақ, міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер көрсетілмеген жағдайда) ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8-бабына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналарының төлену кезеңін сот арқылы растау қажет.

Следующая →