Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шағын аудандарға автобус қатынамай отыр

Өскемен қаласының 19-шы және 20-шы шағын аудандарына қоғамдық автобустар бармайды. Ал жергілікті билік автобустардың бұл аудандардың көшелерімен жүре алмайтындығын алға тартып отыр

Соңғы шағын ауданның бұған дейін де бірнеше проблемасы болған еді. Былтыр бұл ауданға әрең дегенде жарық тартылған болатын. Ауыз су мәселесі әлі шешілген жоқ. Шешілмеген мәселелердің ішінде қоғамдық көлік те бар. Ықшам аудан тұрғындарының айтуынша, билік өкілдерінің бұл ауданға автобус қатынайды деп уәде бергеніне біраз уақыт болған. Ауданға 17-шы қоғамдық автобустың маршрутын созу арқылы мәселені біршама шешкендай болған еді. Бірақ бұл қоғамдық көлік тек Көкжал Барақ көшесімен ғана айналады. Одан жоғары көшелерге бармайды.

- Оқу жылы басталды. Балаларымыз мектепке қатынайды. Оларды білім ордасына апаратын ата-аналары тағы бар. Былтыр ғана қала әкімшілігі 20-шы шағын ауданға автобус қатынайды деген еді. Алайда ол уәдесі орындалған жоқ. Автобус Оңтүстік магис-траль арқылы жүреді деген еді. Бірақ магистральдің бойында аялдамаларды салғанымен, оларға автобус келмейді. Еріксіз одан төмен жатқан көшелерге түсіп автобусқа отырамыз, - дейді аудан тұрғыны Серікқазы Айталиев.

Мәселенің барлығы шағын аудандардың орталық көшелерінің тарлығында болып отыр. Әу баста ауданның құрылыс жоспарын жасау кезінде қоғамдық көліктердің қатынауына жағдай жасау, аялдама тұрғызу жұмыстары қолға алынбағанға ұқсайды. Жер үйлер де бей-берекет салынған. Әдетте, қоғамдық көлік көшемен жүруі, аялдамаға тоқтауы үшін көшенің ені 7 метр болуы керек.

- 20-шы шағын аудан қазір салынып бітуге жақын қалды. Алайда көшелері тым тар. Автобус ол көшелермен жүре алмайды. Жүрді дегеннің өзінде, қарама-қарсы келе жатқан көліктер кері шегініп, автобусқа жол беруі керек болады, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руфат Акрамов.

19-шы шағын ауданның да жағдайы осыған ұқсас. Бұл ауданның орталық көшелерімен автобус жүре алады, алайда соңына барған соң, кері бұрыла алмай тағы қиналады. Өйткені жол тасымалы нормаларына сай, соңғы аялдаманың аумағы 200 метрдей болуы керек. Жер үйлер салынған ауданда мұндай жер аумағы болмай отыр.

- Әзірше, 20-шы шағын ауданда халық саны аздау. Бұл ауданға қатынаған автобус өз шығынын өзі ақтай алмайды, - дейді бұған қатысты Жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры Ернар Мұстафин.

Дегенмен 20-шы шағын ауданның өзінде қазіргі таңда 200-дей жанұя немесе 700-800-дей адам тұрып жатыр. Қазір жұмысқа ағылған жұрттың қатарына оқушылар да қосылды. Бұл шағын ауданға жер үй салу үшін 800-ден аса жер учаскесі бөлінген. Демек, ауданға әлі 600-ге тарта жанұя қоныстанады деген сөз.

Аталған мәселені шешудің бірнеше жолдары бар. Оның бірі - Оңтүстік магистраль жолына аялдамаларды көбірек орналастыру, екіншісі - келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отырған Сәтпаев даңғылы мен Самар тас жолының қиылысында айналма жол салу арқылы бұл жерге де аялдамалар орналастыру. Қазір 19-шы шағын ауданды жалғап жатқан Көкжал Барақ көшесі де, Оңтүстік магистраль да толық салынып біткен жоқ. Егер бұл көшелер ары созылып салынатын болса, онда қоғамдық көліктердің діттеген жеріне барып, кері қайтуына мүмкіндік табылмақ.

Жақсылық Омар бастаған қала басшылығы алдағы уақытта бұл шағын аудандарға автобус қатынасын орнату мәселесіне дендеп кірісуді ойлап отыр.

Следующая →