Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +3°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +2°
  • Караганда
    +4°
  • Кокшетау
    +3°
  • Костанай
    +1°
  • Кызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мектеп оқушылары жұмыс дәптерін сатып алуға міндетті ме?

ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Асхат Аймағамбетов жаңа бағдарламамен оқып жатқан оқушыларға арнайы жұмыс дәптерлерiн пайдалану мiндеттi емес екенiн айтты

Алайда барлық мектептерде оны қолданып жатқан жоқ.

Дегенмен жаңа оқу бағдарламасы енгiзiлген жылы жұмыс дәптерлерi баршаға мiндеттелген болатын. Қазiргi таңда Өскемен қаласындағы мектепке даярлық сыныптарының, 1, 2-сынып оқушыларының ата-аналары көптеген пән бойынша жұмыс дәптерлерiн сатып алуға оларды мiндеттеп жатқанын айтады.

- Әр мектептің талабы әр қалай ғой деймін. Себебі №46 мектептің даярлық сыныбына бару үшін жалпы сомасы 20 мың теңгенің жұмыс дәптерін сатып алдық. Былтыр сатып алынған дәптерлердiң жартысы мүлде пайдаланылмаған. Соған қарамастан биыл да балаларды жаңа дәптер сатып алуға мiндеттейтін шығар. Себебі қызым 1-сыныпқа аяқ басты. Ал кіші қызым даярлық сыныбына барады, - деп мұңын шақты ата-ана Жанна Қабдуалиева.

Ал ұстаздардың сөзіне сүйенсек, оқулықтар мен жұмыс дәптерлерi бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Онсыз пәндi түсiну әрi үй жұмысын орындау ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар үшiн қиынға соғады. Ал қаладағы "Балдырған" оқулық сататын дүкенінде барлық сыныптардың жұмыс дәптерлерінің жиынтығын 8000 теңгеге саудалауда.

- Жұмыс дәптерін пайдалану міндетті шара емес. Ата-аналарды оны сатып алуға міндеттеуге болмайды. Бұл - қосымша материал. Сондықтан оны сатып алу немесе сатып алмау - әрбір адамның өз еркінде. Сатып аламын десе, қолдануға болады. Бірақ біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Жұмыс дәптері міндетті материал емес. Біреулер оны сатып алуға міндеттесе, біз тиісті шараларды қолданамыз. Себебі жұмыс дәптерін талап ету заңсыз, - деп  вице-министр Асхат Аймағамбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеген.

Вице-министрдiң айтуынша, жұмыс дәптерлерiн кейбiр жергiлiктi әкiмдiктер мектептерге сатып алса, кейбiр әкiмдiктер  сатып алмауы мүмкiн. Сондықтан олардың оқушыларға тегiн берiлу-берiлмеу мәселесi жергiлiктi әкiмдерге байланысты болып тұр. Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, министрлік арнайы xатында жұмыс дәптерін қолдануға қатысты толық инструкцияны жолдаған болатын. 

- Иә, "Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізілді. Жұмыс дәптері бекітілген оқулықтардың тізіміне кірмеген және қосалқы материал болып табылады. Яғни, жұмыс дәптерін сатып алу міндетті емес, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметкаримқызы.

Сонымен қатар, 2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8-сыныптар жаңа бағдарлама бойынша оқулықтар алады. Оқулықтарды жеткізу мақсатында ШҚО-ның барлық қалалық және аудандық білім бөлімдері тасымалдаушы компаниялармен келісімшарт жасасқан. Білім басқармасының мәліметінше, ол оқулықтарды 20 тамызға дейін барлық мектептерге жеткізу жоспарланып отыр.

Следующая →