Усть-Каменогорск
пасмурно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +14°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +17°
$
470.06
-2.62
466.68
-0.23
¥
66.08
-0.37
7.91
-0.10
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қалай несие алуға болады?

Ауылдағы шаруалар мен жұмыссыз жандар қалай несие ала алады? Оның жолдары қандай? Қайда барып жүгінсе болады?

Қазір ел үкіметі ауылдағы шаруашылықты қалпына келтіруге, оның тұрғындарын жұмыспен қамтуға барынша көңіл бөліп жатқаны белгілі. Десе де, ауыл тұрғындары мемлекеттен келген көмек пен қолдауды қалай аларын, қалай пайдаланарын білмей жатады. Соған орай жоғарыдағы сауалдардың жауабын білмек мақсатта ауылдағы жұмыссыздарға несие берумен айналысатын "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына" сұрау жасаған едік.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан халық арасында танымал "Сыбаға", "Игілік", "Кәсіпкер" сынды бағдарламалар аясында несие алуға болады. Бұлардың арасында ірі кәсіп ашқысы келгендерге "Сыбаға" бағдарламасы ыңғайлы болса, ауылда шағын және орта кәсіп ашқысы келген жандар соңғы екеуін таңдағаны жөн.

- "Сыбаға" бағдарламасы тек импорттық ірі қара сатып алуға бағытталған. Бұл бағдарлама бойынша 15 жылға 70 млн теңгеге дейін несие алуға болады. Алған шаруа қожалықтары оны 4 пайызбен қайтарады әрі несие сомасының 25 пайызын құрайтындай жылжымайтын мүлікті кепілге қоюы тиіс. Ал қалған 75 пайызына кепілдік ретінде сатып алған ірі қаралары алынады, - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" ШҚ филиалының директоры Данияр Үсіпбеков.

Бұл бағдарламамен несие алған шаруаға мемлекет өзі қолдау көрсетіп, асыл тұқымды ірі қара сатып алғандарға әр мал басына 225 мың теңге субсидия беріледі. Одан бөлек, аталық төлін бордақылау алаңына беру арқылы малдың әр келісіне 200 теңгеден тағы да субсидия алуға болады.

Ал қарапайым ауыл тұрғынына "Игілік" пен "Кәсіпкер", "Егінжай" бағдарламаларының маңызы зор. "Игілік" бағдарламасы бойынша 6 пайыздық мөлшерлемемен 4 млн теңгеге дейін несие алып, мал сатып алуға болады. Ал "Кәсіпкер" бағдарламасы ауылда шаштараз, наубайхана, көлік жөндеу орны, дүкен, асхана, тігін тігу сынды шағын кәсіптерді ашуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламамен бес жылға 6 млн теңге несие алуға болады.

"Егінжай" бағдарламасы қыс пен көктем уақытында ғана беріледі. Өйткені аталған бағдарлама аясында диқандар дәнді-дақыл, жанар-жағармай алуға үш жылға дейін 6 пайызбен несие алады.

- Бұл үш бағдарлама бойынша несие алу үшін шаруаның міндетті түрде алатын қаржысының толық құнын жабатын кепілзаты, яғни, жылжымайтын мүлкі болуы керек, - дейді қор директоры.

Ал енді жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша қалай несие алуға болады деген сауалға келсек. Несие алғысы келген адам алдымен "Атамекен" кәсіпкерлік палатасына жүгініп, сонда бір ай "Бизнес бастау" курсын оқиды. Палата мамандары азаматтарға кәсіп ашудың қыр-сырын толықтай үйретіп, қажет құжаттарын жинап, ауыл шаруашылығын қолдау қорына жолдама береді.

Одан бөлек, ауыл тұрғыны "Атамекен" берген жолдамамен бірге жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз екенін растайтын анықтама мен салық органдарынан қарызы жоқ деген анықтаманы, кепілге қоятын үйдің құжаттарын қоса әкелуі тиіс. Азаматтың несие тарихы да таза болғаны жөн.

- Несие алғысы келген азаматтың құжаттарын біз тексеріп, кейін несие беретін боламыз, - дейді Данияр Мейірбекұлы.


Следующая →