Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Ақылды" шамдар орнатылды

Өскемен қаласының көшелеріне "ақылды" шамдар орнатыла бастады. Қазірдің өзінде қала билігі Қазақстан көшесіне 500-ге жуық жарық шам орнатып үлгерген

Мамандардың айтуынша, "Ақылды қала" инновациялық бағдарламасы аясында сатып алынған шамдарды нағыз "ақылды" деуге болады. Өйткені шамдардың бір ғана емес, бірнеше ерекше қызметі бар болып шықты.

Ең алдымен, шамдар көшенің қараңғылығына қарай бейімделе алады. Яғни, түн аса қараңғы емес, айдың жарығына малынған, сүт ашық күйде болса, жарық шам да қуатын үнемдеп, аз жарық шашатын көрінеді. Егер тас қараңғы болса, онда шам да жап-жарық болмақ.

- Жарық шам түннің қараңғылығына қарай өзгеріп тұрады. Сол арқылы тоқ қуатын да үнемдейді. Шамның ішінде жарықдиод бар. Ол жарықты реттеп отырады. Жарық шам 15 жыл бойы сынбай қызмет етуі тиіс, - деп мәлімдейді Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі.

Сөз етіп отырған шамдардың тағы бір қасиеті бар: ол - Wi-Fi тарата алатындығы. Одан бөлек, шам бағандарына бейнебақылау камералары да қоса орнатылған екен. Камераның қырағылығын да айта кеткен жөн. Мамандардың айтуынша, камераның көлік нөмірлерін көре алатын датчиктері бар. Сол арқылы жол ережесін бұзғандарды ұстауға болады.

Жарық шамдардың бұл қызметі әлі қосыла қойған жоқ. Қаланың барлық көшелеріне орнатылып біткен соң ғана, бірыңғай база іске қосылмақ.

Следующая →