Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Балабақшаға енді 3 жастан қабылдайды

Биыл облыстағы төрт қалада бүлдіршіндер балабақшаға жаңа ережелер бойынша қабылданады

Маусым айынан бастап кезек электрондық үкімет порталынан garden.oouk.vko.gov.kz мекенжайына көшірілді. Сынақтан өткеннен кейін жүйе бүкіл өңірде іске асырылатын болады. Айта кетейік, жаңа автоматтандырылған жүйемен балаларды балабақшаға қатаң түрде тек үш жастан бастап қана қабылдайды.

- Осыдан 3 жыл бұрын қызымды ешқандай мәселесіз бірден балабақшаға қабылдаған болатын. Ал биыл ұлымды қыркүйекте балабақша алмай отыр. Себебі ол қазан айында 3 жасқа толады. 1 ай айырмашылық үшін енді жұмысқа орналаса алмай отырмын, - дейді Елена есімді облыс орталығының тұрғыны.

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, Өскеменде жаңа шарттар бойынша 2000-нан астам жолдама берілген.

- Барлық жаңа бағдарламалар сияқты garden.oouk.vko.gov.kz-тің де ақаулары бар. Біз порталды жасап шығарушылармен жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Босаған орындарды сайтта ата-аналардың өздері үнемі бақылап отырсын, - деді Өскемен білім бөлімі басшысының орынбасары Дмитрий Журавлев.

Білім бөлімінің мамандарының айтуынша, егер орын анықталып, алайда ата-анаға балабақша ұнамаса, бала кезекте тұра береді. Бұдан басқа, мамандар уақыт үнемдеу үшін ата-аналарға SMS-хабарлама ескертуін қосуды ұсынады.

- Бұл нұсқа ғаламтор желісіне қолы жетпейтін және смартфон қолданбайтын ата-аналар үшін жақсы. Сондай-ақ, олар кез келген уақытта білім бөліміндегі мамандарға келіп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының анықтамалары мен кезегін тексерте алады, - дейді Өскемен қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Дмитрий Журавлев.


Следующая →