Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көмірді қымбаттатқандар жазаланады

Облыс әкімшілігінің көмір бағасын реттеуге биыл құлшына кіріскені бұған дейін де айтылған болатын. Былтыр тек көмірге деген дүрлікпе басталып, нағыз айғай-шуға айналған кезде ғана облыс әкімшілігі іске араласып, тасымалданар көмірдің көлемін көбейткендей болды

Ал биыл облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасы маусым айынан бастап-ақ көмірді көптеп тасымалдауға көңіл бөле бастады. Дегенмен көмір бар болғанымен, бағаның сиқы оңбай отыр. Өйткені темір жол желісі жоқ аудандарда көмірдің бір тоннасы 16-18 мың теңгеден сатылып жатыр. Энергетика басқармасы да алыс аудандарда көмір бағасының қымбат екенін жасырып отырған жоқ.

- Үржар, Тарбағатай аудандарында темір жол жоқ болғандықтан жеке кәсіп иелері өз көліктерімен көмір тасымалдауда. Соның кесірінен баға өсіп отыр. Ал жеке кәсіпке билік органдары араласа алмайды, - дейді облыстық Энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев.

Көмірдің бағасы әр ауданда, әр қалада әртүрлі. Мәселен, Өскеменде көмірдің бір тоннасы 8800 теңгеден, Семейде 7400 теңгеден, Курчатовта 6500 теңгеден сатылуда. Ал Катонқарағайда баға 16 мың, Үржарда 17 мың, Тарбағатайда 18 мыңға дейін шарықтап кетті. Бұл бағаның қаншалықты негізді екенін тексеріп, зерттеп көрмек болған билік органдары алдағы уақытта аудан-ауданға барып, нарық бағасын талдап қайтуды ойлап отыр.

- Облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасы мен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мамандары бірігіп, көмір бағасына талдау жүргіземіз. Қай ауданда көмір бағасы қымбат екені сонда анықталады. Егер отынды қалыпты көмір бағасынан қымбатқа сатқан саудагерлер болса, оларға шара қолданылатын болады, - дейді Мұрат Мұсатаев.

Яғни, мемлекеттік орган қызметкерлері аудандарға жеткізілген көмірдің бағасын ала отырып, оның шығындарын есептейді. Егер баға шығындардан артық етіліп, қасақана қымбаттатылып қойылса, мұндай кәсіпкерлерге айыппұл салынады не жеке кәсіпкерлігі жабылады. Мұндай шаруаны билік органдары биыл ғана бастағалы отырғандықтан, былтыр көктем, қыс айларында ешкімге ешқандай жаза қолданыла қоймаған.

Одан бөлек, басқарма басшысы тұрғындарға үндеу тастап, "көмірді қазірден бастап сатып ала бастаған жөн" деп кеңес берді. Сонда күз айларында дүрлікпе болмайды, баға қымбаттамайды.

- Көмір қоры жеткілікті, баға да тұрақты. Биыл көмір жетпей қалады деген мәселе болмауы тиіс. Былтырғыға қарағанда биыл жеткізілетін көмірдің көлемі 1 млн тоннаға артық. Тек тұрғындар қысқа қазірден қамдана бастаса деген ойымыз бар. Халықтың жартысына жуығы күзге дейін көмір сатып алып үлгерсе, онда жеке кәсіпкерлер мен жүк тасушылар да бағаны әдейі көтермей, бір қалыпты ұстайтын еді, - дейді Мұрат Хабдылжаппарұлы.


Следующая →