Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +23°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +25°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +15°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тестілеуден қайта өтеді

Биыл облыста 6900-ге жуық түлек ҰБТ-ға қатысқан болатын. Енді Ұлттық бірыңғай тестілеуден аз ұпай жинаған 500-ден аса түлек тамыз айының ортасында қайтадан ҰБТ тапсырмақ

Ал бұған дейін шілде айының ортасында ШҚМУ-да 460-қа жуық түлек ҰБТ-ны қайта тапсырған.

Қазақстанда биыл ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрініп, аз балл алып қалғандар не ұпай саны түрлі себептерге байланысты жойылған түлектерге қайтадан ҰБТ тапсыруға мүмкіндік берілген болатын. Соған байланысты 25 шілде мен 3 тамыз күндері аралығында қайта тестілеуге қатысқысы келген түлектер қабылдау комиссияларына келіп қайтадан өтініш тапсырды. Қайта тестілеу 15-19 тамыз күндері өтеді.

- Қайта тестілеуге ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар да өтініш бере алады. Қайта тестілеуге қатысқан түлектер жоғары оқу орындарында ақылы түрде ғана оқи алады, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.

Түлектер қайта тестілеуге 2240 теңге төлеп қатысады.

- Қабылдау комиссиясына 517 адам келіп қайта тестілеуге қатысу жайлы өтініш берді. Әзірше, қатысушылардың қай күні тестілеуге кіретіні әлі белгісіз, - дейді ШҚМУ-дың қабылдау комиссиясының хатшысы Ләйла Төлеуханқызы.

Ал қайта тестілеудің нәтижесі түлектер тапсырған күні-ақ белгілі болады.

Одан бөлек, елдің Білім және ғылым министрлігі ендігі жылы мектепте сынама ҰБТ өткізуге тыйым салуды ойлап отыр. Мамандардың ойынша, бұл түлектердің білім алуына кедергі келтіреді.

Следующая →