Усть-Каменогорск
облачно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +14°
  • Атырау
    +13°
  • Караганда
    +6°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +14°
$
446.14
+0.19
484.87
+1.91
¥
61.68
+0.02
4.81
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Кіші Бөкенде канал салынуда

Көкпектінің Кіші Бөкен өзенінде су торабы мен жеті шақырымға созылған магистральді арық салынуда

Канал салынып біткен соң, маңайдағы егістік пен бау-бақшаларға су жіберілетін болады.

Салынып жатқан каналдың орнында бұрын үлкен арық болған. Алайда кеңес үкіметі тараған жылдары қараусыз қалып, бітеліп, жермен жексен болып қалған. Соның кесірінен маңайдағы шаруаларға жиырма жыл бойы су жетпей, егіс алқабы азайған. Ал шаруалар болса, тек жаңбырмен ғана күнелтуге мәжбүр. Каналды салу жұмыстары былтыр тамызда басталған, биыл қыркүйекте аяқталады деп жоспарланып отыр. Демек, келесі жылы көкпектілік диқандар суға қарық болады деген сөз.

- Су тоғаны салынып бітті. Одан шығатын арықтың салынбаған енді екі шақырымдай жері қалды. Магистральді каналдың төрт жеріне шлюз қойылады. Диқандар сол шлюзден су ағызып, ары қарай арыққа, егістікке жібереді. 1700 гектардан астам жер суарылады, - дейді "ТМК-Құрылыс" ЖШС инженері.

Бұл маңдағы шаруалар көкөніс пен астық, жоңышқа егеді. Алдағы уақытта су бар болғандықтан, соя да егуі мүмкін. Әзірше, көкөніс егетіндер аз көрінеді.

Магистарльді каналдың бойына су көлемін автоматты түрде есептейтін есептеуіштер мен автоматты түрде ашылатын шлюздер қойылады. Судың тарифі бір текше метріне 60 тиын.

Салынған тоған мемлекет мүлкіне беріліп, маңайға бейнебақылау камерасы мен күзет қойылады. Жобаның құны - 495 млн теңге.

Қазір Көкпектіден бұдан өзге тағы екі су тоғаны мен арық салынып жатыр. Олар Үлкен Бөкен мен Көкпекті өзені бойындағы диқандардың игілігі үшін тұрғызылуда.

Следующая →