Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +3°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +2°
  • Караганда
    +4°
  • Кокшетау
    +3°
  • Костанай
    +1°
  • Кызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Медициналық анықтама жойылады

Қазақстанда №086 медициналық анықтаманың қағаз түрі болмайды. Ол енді электронды құжатқа айналмақ

Қағаз анықтаманы қолданыстан алып тастау туралы ұсынысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білдірген. Ал бұл ұсынысқа елдің Денсаулық сақтау министрлігі оң пікір білдіріп, қағаз анықтаманы алып тастауға келіскен.

- Біз Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне ұсыныстар бердік. Қазіргі кезде "086" анықтамасы бойынша ақпараттық база құрылды. Емханалар медициналық тексеруден өткендер туралы барлық мәліметтерді (электрондық нұсқада) енгізіп жатыр. Енді осыны нормативтік тұрғыда бекіту керек. Яғни, жұмыс беруші азаматтарды қызметке қабылдар алдында оның электронды құжатын аталған базадан қарап көре алатындай жағдай жасау керек. Енді қағаз түріндегі анықтамалардың заңды күші болмайды. Менің ойымша, бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып қалады, - деп жазады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қалалық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиеваның сөзін "Қазақпарат" ХАА сайты.


Следующая →