Усть-Каменогорск
пасмурно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +12°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +8°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Кей көшелердің атауы өзгереді

Өскемен қалалық мәслихат депутаттары қоғамдық тыңдалымда талқыға салынған көшелердің атауын өзгертуге келісім берді

10 шілде күні өткен қоғамдық тыңдалымда атауы жоқ жиырма шақты көшеге ат қою мәселесі талқыланған болатын. Ал 31 шілде күні қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сессиясы өтіп, халық қалаулылары Өскемен қаласындағы төрт көше мен бір саябақтың атауын өзгертуге келісті.

Атап айтқанда, депутаттар "Жастар" саябағына Қасым Қайсеновтің есімін беруге, Комсомол көшесін "Жастар" көшесі деп атауға, Лениногорская көшесін "Теміржолшылар", Питер коммунарлары көшесін "Лев Толстой", Ворошилов көшесін "Шәкәрім" даңғылына ауыстыруға келісім берді.

- Қоғамдық тыңдалымда атауы ауыстырылсын делінген көшелердің жаңаша атауы сессия отырысында мақұлданып, республикалық ономастикалық комиссияға жолданды, - дейді "Нұр Отан" партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Майраш Екібасова.

Бұл көшелердің аты ауысар-ауыспасын республикалық ономастикалық комиссия шешетін болады.

Следующая →