Усть-Каменогорск
малооблачно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көмір бағасы әлден шарықтап тұр

Жылыту маусымына әлі екі айдай уақыт бар болса да, отынның төңірегіндегі мәселер әлі шешімін таппай келеді

Былтырғы тапшылық дүрбелеңінен сабақ алған өңір басшылығы биыл қамданысқа ерте кіріскен. Биліктің айтуынша, биыл көмірді жеткізу мәселесінде олқылықтар болмайды.

- Биылғы жылы көмірді түсіру және тасымалдау көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 25% -ға артып отыр. Коммуналдық көмірдің негізгі алушысы "ВЭУС" ЖШС Өскемен-1, Өскемен, Зырян, Предгорное, Шемонаиха, НУС станцияларына көмірді жеткізуде, - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облыстық жүк тасымалдау бөлімінің логистика және жүк тасымалдау бөлімшесінің басшысы Алмас Сейсемқанов.

Алайда ендігі мәселе бағада болып тұр. Шілде айының соңында облыс орталығында бір тонна әлеуметтік көмірдің бағасы 8350 теңге, бөлшек сауда бағасы 8800 теңге болатындығы жөнінде меморандум жасалса да, іс жүзінде баға бөлек. Себебі кейбір аудандарда көмірдің 1 тоннасы 17 мың теңгеге сатылып жатыр. Одан бөлек, тұрғындар көмірді үйге жеткізу үшін тағы да қыруар қаражат беруге мәжбүр.

- ШҚО-ның энергетикалық кәсіпорындарында 1 тонна көмірдің бөлшек сауда бағасы 7400-8800 теңгені құрайды. Алайда арадағы алыпсатарлар көмір бағасын көтеріп жіберген. Біздің аймақтардағы көмірдің құнын реттеуге құзіреттілігіміз жоқ. Бағалар жеке кәсіпкерлермен белгіленеді. Ал көмір тапшылығына келетін болсақ, ол күзгі кезеңде ғана болады. Бүгінгі таңда өндіріс және жөнелту мәселесі кесте бойынша жүруде. Дүрбелеңді тудыратын жүк тасымалдаушылардың өздері. Себебі олар белгілі бір уақытта ғана нәпақасын табатындықтан бағаны шарықтатып жібереді, - деп түсіндірді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Рамазанов.

Осылайша, көмір бағасын ешқандай мемлекеттік органдар реттей алмайды екен. Ал Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Майраш Екібасова осы орайда бұл мәселені зерттеп, таяу уақытта тығырықтан шығу жолын қарастыруға уәде берді.


Следующая →