Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Партадағы аналар" саны көбеюде

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 20 мыңы жүкті болып, оның 10 мыңға жуығы жасанды түсік жасатады екен. Бұл жасөспірімдер арасындағы жыныстық сауаттылықтың төмендігінен бе?

БАҚ беттерінде сәбиін қоқыс жәшігіне, дәретханаға тастаған жантүршігерлік оқиғалар жиі көрініс табады. Алайда оның себептерімен күресу, салдарын білу жеткілікті дәрежеде айтылмайды. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, қазақстандық жасөспірімдердің босану көрсеткіші Еуропа елдеріне қарағанда алты есеге көп. Ал әлемде әр жылда жасөспірімдер арасында 3,2 млн жасанды түсік жасалса, еліміз бойынша 1000-нан астам жасөспірім қыз осындай қауіпті қадамға барады. Жасанды түсік жасататындар бұл саннан да асып түсетін шығар. Өйткені, облыста жекеменшік емханалар көп болғандықтан және дәріханаларда арнайы дәрілер емін-еркін сатылатындықтан олардың саны бойынша нақты статистика жоқ. Дегенмен, ШҚО-да жылына 14-17 жас аралығындағы 400-ге жуық бойжеткен түсiк жасатады деген ресми емес дерек бар.

- Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылы ерте жүктілік бойынша 304 бойжеткен есепке алынған. Ал биылғы, яғни, 2018 жылдың 6 айында облыста 98 жасөспірім жүктілік фактісімен тіркелген. Оның 72-сі босанып, 26 бойжеткен жасанды түсік жасатқан, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова.

Бұл тек ресми деректер. Жалпы жүкті болғандардың көбі партада отырған аналар. Яғни, әлі мектеп қабырғасында білім алып отырған оқушылар.

- Мектептерде балалардың жыныстық тәрбие жөніндегі білім деңгейін көтеру мақсатында түсіндіру жұмыстары, семинарлар өткізіліп тұрады, - дейді білім басқармасының тәрбие жөніндегі мамандары.

Жасөспірімдер тек қауіпсіз жыныстық қатынас шарттарын сақтамағандықтан жүкті болып жатқан жоқ. Бұл құбылыстың тағы бір себебі – мыңдаған жас қыз кәмелетке толмаған күйі ұзатылып та жатыр. Президент жанынан құрылған отбасы-демография саясаты әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Әсия Хайруллинаның дерегіне сәйкес, Қазақстанда орта есеппен жылына үш мыңға жуық 18 жасқа толмағандардың некесі қиылады.

- Ерте жыныстық қатынасқа түсу жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын бұзады. Қыздар 9-10 жастан, ал ұлдар 12-14 жастан жыныстық тұрғыда жетіле бастайды. Жасы келгенмен бойжеткен ана болуға психологиялық, гармондық жүйеде дайын емес болады, - дейді гинеколог Нұрәлем Маратов.

Ерте жүктіліктің етек алуына кімді кінәлаймыз? Көше кезген қызды ма, ұл-қызымен дос-құрбысындай сырласуға сағат бөлмейтін ата-ананы ма, әлде сол жасөспірімнің араласатын ортасын ба?!

Әркімнің тағдыры әр түрлі. Бірі балалықпен шалалық етсе, енді бірі албырт сезімнің жетегіне ереді. Осылайша от басқан кейбір бойжеткендер ата-ана мен сүйгенінен қолдау таппай жатады. Ондайда бірі түсік жасатса, бірі бойына біткен сәбиден бас тартпақ емес.

Піспей үзілген алма тәрізді жас аналардың кейбірі құрсағындағы шаранасын өлімге қимай, ата-анасынан қашып, "Аналар үйін" паналайды. Облыстағы "Аналар үйінің" дағдарыс орталығының үйлестірушісі Наиля Онгарбаеваның айтуынша, аталмыш орталық қыздарға жанашырлық таныта отырып, олардың өмірден өз орнын табуына жәрдемдесуді мақсат етеді.

- Басты мақсатымыз - тығырыққа тірелген қыздарымызға қол ұшын созу. Баласынан бас тартпаса екен дейміз. Аналар үйіне тап болған әр қызға рухани көмек беріп, болашақта сүрінбей, өмірден өз орнын табуына көмектесеміз. Бірінші кезекте білім алып, кәсіп иесі атанып, жұмысқа орналасуына септесіп жүрміз, - дейді Наиля Онгарбаева.

Енді бойжетіп келе жатқан өрімдей қыздарды осындай қатерден қалай сақтауға болады? Ол үшін не істеу керек? Мәселен, 2009 жылы облыстық прокуратура 2 айдың ішінде 3 оқушы қыздың жүктілігін анықтағаннан кейін облыстық білім беру басқармасына оқушы қыздарды тоқсан сайын гинекологиялық тексерістен өткізіп тұру туралы ұсыныс жасаған. Алайда елімізде соңғы жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша, гинеколог мамандардың оқушы қыздарды жаппай тексеруіне тыйым салынған болатын. Десе де, көк жағалылардан келіп түскен ұсынысты ақ халаттылар да құп көріп отыр.

- Қазіргі уақытта қыздарды гинекологиялық тексерістен өткізіп тұру өте қажет. Әсіресе, мектеп жасындағы қыздардың жүкті болып қалу мәселесі ушығып тұрған кезде, білім ордасына да, оқушыға да маманның кеңесі ауадай қажет деп ойлаймын. Соңғы жылдары сексуалды дебют жасы төмендеп бара жатқандықтан ата-аналар балаларымен профилактикалық әңгімелесу жүргізіп, алдын алуы тиіс, - дейді гинеколог-дәрігер Нұрәлем Маратов.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы жас қыздарды жоспарланбаған жүктіліктен қорғау мақсатында контрацептивтік заттар сатып алуға қаражат бөлмейді екен. Бәлкім, бұл да жүктіліктің көп тарауының негізгі себебі шығар. Алайда қазақ менталитеті көп жағдайда үйде отырып, жүкті болған қызды сынға алып, қоғамнан шеттететіні тағы бар. Сондықтан көп жасөспірімдер не айтпай аборт жасатады, не үйден кетіп қалып, бала туып, оны тастап кетіп жатады. Міне, дәл осындай жасырын жасалған аборттан кейін жасөспірімдер арасындағы мәселенің ушығып бара жатқанын аңғару қиын емес. Еліміздің ертеңі саналатын қыздардың еркелігінің соңы ессіздікке ұласса, оның себебін қайдан іздейміз?

PS: Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алудың тиімді шешімі медициналық және білім беру ұйымдарымен, ішкі істер басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы бірігу болып табылады. Сондықтан ерте жүктіліктің алдын алу мәселесі тек қана медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру емес, сонымен қатар сектораралық және мекемеаралық қарым-қатынастың тиімділігін арттыруды қажет етеді.

Следующая →