Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Елбасы Шығысқа келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының бірнеше кәсіпорны мен Роботтандырылған хирургия орталығына барып, аймақты дамытуға байланысты өзекті мәселелерді талқылап қайтты

Заманауи нысан – ел игілігі үшін


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Шығыс Қазақстанға жасаған сапары барысында "№1 Өскемен қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының базасында құрылған Қазақстандағы тұңғыш Роботтандырылған хирургия орталығының жұмысымен танысты. Мамандар Елбасына заманауи операциялық-цифрлық кешеннің жұмысы мен оны дамыту тетіктері жөнінде баяндады. Енді ағзаларды трансплантациялауды Өскемен ауруханасында да жасауға болады. Бұрын мұндай мүмкіндік болмаған. Науқастың дерті дендеп бара жатса да, Астанаға баруға мәжбүр болатын.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы телекөпір режімінде облыстың Аягөз және Зырян аудандарындағы инсульттік орталықтардың ұжымдарымен тілдесті. 

- Бұл тұрғыда Шығыс Қазақстан жақсы тәжірибе көрсетуде. Роботтандырылған медицина орталығы жұмыс істейді, инсульттік орталықтар ашылып, аналарды қиындықсыз босандыруға үлкен көңіл бөлініп жатыр. Жүрекке ота жасайтын медициналық орталықтар салынып жатқандықтан Қазақстанда жүрек-қан тамыр аурулары салдарынан қайтыс болған адамдардың көрсеткішін біршама азайта алдық, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Мемлекет басшысы жүрек-қан тамыры ауруларын емдеу сапасын жақсартудың және ана мен бала өлімінің алдын алудың маңыздылығын атап өтіп, шалғайдағы елді мекендерде медициналық орталықтар салу мақсатында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев саламатты өмір салтын насихаттау арқылы түрлі аурулардың алдын алу қажеттігін айтты.

- Шығыс - көптеген зауыттары мен кәсіпорындары бар, ауыл шаруашылығы дамыған индустриалды орталық. Сондықтан өңірдің әр тұрғынына медициналық көмек қажет. Соңғы 10 жылда Қазақстандағы орташа өмір сүру ұзақтығы 65 жастан 73 жасқа дейін өсті. Енді Жапониядағы сияқты 80 жасқа дейін ұзартуды мақсат етіп отырмыз. Біздің денсаулығымыздың 10-15%-ы ғана дәрігерлер мен медицинаға, қалғаны өзіміздің өмір сүру салтымызға байланысты. Болашақ нәрестенің денсаулығы ананың денсаулығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Елдің денсаулығын нығайтып, халық өмірін ұзарта беріңіздер, - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласында роботтандырылған хирургия жүйелерінің тиімділігіне тоқталды. Осыған орай, Елбасы медицина саласындағы кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз етудің қажеттігін де атап өтті.



Автоматтандырылған зауытпен танысты


Қазақстан Республикасының Президенті "SV" өнеркәсіптік жабдықтарды шығаратын "Силумин-Восток" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытының жұмысымен танысты.

Кәсіпорын құрылыс пен инфрақұрылым, машина жасау, энергетика, металлургия, тау-кен және мұнай химиясы өнеркәсібі салаларында инжинирингтік қызмет көрсету ісіне маманданған.

Мемлекет басшысына құбыр жүргізу кезінде қолданылатын арматураларды, насостық құрал-жабдықтарды, электротехникалық өнім мен блокты-модульдік ғимараттарды дайындау үдерісі таныстырылды. Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен де кездесіп, әңгімелесіп, Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуеті мен даму қарқыны жақсы екенін атап өтті.

- Өңірде өнеркәсіп саласы өркендеп, индустриялық бағдарлама аясында 46 жоба жүзеге асырылды. Халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп жатқан кәсіпорындар салынуда. Атап айтқанда, 7500-ге жуық адам жұмысқа орналасты, – деді мемлекет басшысы.

Құрылғанына 4 жыл болған зауыттың қазақстандық нарықта ғана емес, сондай-ақ, экспортта да әлеуеті зор. Кәсіпорын "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг" компаниясымен 5 жыл бойы белсенді түрде іскерлік қарым-қатынас орнатып, өңірдің үздіктері қатарын толықтыруда.

- Біз құбыр жүргізу кезінде реттейтін арматураларды, насостық құрал-жабдықтарды өндіреміз. Ал біздің табысымызға келетін болсақ, жарты жылдың ішінде 1 жылдық жоспарды орындадық, - деді "Силумин-Восток" ЖШС бас директоры Олег Фраимчук.

Сонымен қатар, зауыт мамандары мемлекет басшысына өнеркәсіптік робот жүйесі мен оның жұмысын таныстырды.

- Мұнда екі фактор бар: біріншіден, бұл үнемі қайталанатын операция. Адамға жұмыс өте қиын тиеді. Адам қолымен мұны істеп, шығаруға болады, алайда физикалық тұрғыдан өте ауыр. Ал роботтың көмегімен құралдарды тәулік бойы жасауға болады, - деп СББ станок операторы Александр Тимошков заманауи өндірістік технологияны таныстырды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларына табыс тілеп, өндірістік көрсеткіштердің одан әрі арта беруіне ниеттестік білдірді.



Бағалы балық қорын көбейту – басты назарда


Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында шығынсыз сумен қамтамасыз ету қондырғыларында бекіре тұқымдас балық өсіруге маманданған "OstFish" кәсіпорнына да барып, балықтың осы тұқымынан уылдырық алудың технологиялық үдерісімен танысты.

- "OstFish" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2022 жылға қарай жылына 45 тонна бекіре етін өндіріп, 4 тонна қара уылдырық алуды жоспарлап отыр, - дейді кәсіпорын директоры Рашид Альчинбаев.

Сонымен қатар, нағыз балықтар мекенінен үш мың шақырым жерде орналасқан бұл бекіре тұқымдас балық өсіру фермасы қара уылдырықтың бірінші легін алмақ ниетте.

Следующая →