Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +3°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +2°
  • Караганда
    +4°
  • Кокшетау
    +3°
  • Костанай
    +1°
  • Кызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Домбыра үні күмбірлеген күн

Ұлттық домбыра күніне байланысты мереке облыс орталығындағы  перзентханадан басталды

Жәнібек Кәрменов, Секен Тұрысбеков, Мәдениет Дүйсекеев, Келденбай Өлмесеков, Жарқын Шәкәрім, Тұрсынғазы Рахимов, Таласбек Әсемқұлов, Уәли Бекенов сынды ән-күй тарландарының туған жері саналатын Шығыс Қазақстан облысында биыл 1 шілдеде алғаш рет өткізілген Ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтті.

Ұлттық домбыра күніне байланысты мереке облыс орталығындағы перзентханадан басталды. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының қызметкерлері жас анаға бұл мерекенің маңызын түсіндіріп, киелі өнер ұрпаққа мирас болып қалатынын айтты. Осы күні дүниеге Жанжігіт есімді батырды әкелген Еркежан Фазылова гүл шоғымен бірге киелі домбыра мен жөргекті сыйға алды.

- Осы баламызды жақсылап тәрбиелеп, Қазақстанның елеулі азаматы қылып шығарсаң, міндетің орындалды дей бер. Әкесінің серігі болып, бақытты азамат болсын. Кейін бұл күннің тарихын айтып, өзің жеткізе жатарсың, айналайын, - деді Достық үйінің қазыналы қариялары.

Жанжігіттің Әлихан есімді ағасы да бар. Жас ананың айтуынша, нағашы атасы немерелерінің бойына да даруы бек мүмкін.

- Бұл мерекеге қатардағы жай мереке деп қарауға болмайды. Себебі рухани жаңғыру аясында бабалардың көзіндей болған киелі мұрамыздың, қара домбырамыздың қоңыр үні қайта жаңғыруда. Күй атасы Құрманғазы, Тәттімбет, Нұрқиса аталарындай күйші болсын деген ізгі ниетпен осы күні дүниеге келген сәбиге киелі домбырамызды сыйға тартып отырмыз, - деді Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Ләззат Мұхамедуәлиқызы.

Одан кейінгі негізгі көпшілік шара этно-саябақ пен сол жақ жағалау кешенінің алаңында жалғасты. Қазақы дәстүрмен безендірілген сахнада облыстың белгілі өнер ұжымдары, жыршы-термешілер, домбыра шеберлері əн-күй төкті.

- Әрбір шаңырақта қастерлі домбырамыз ілініп тұруы тиіс. Әрбір қазақ оны шерте алуы керек. Бұл мереке қазақ халқының өз мәдениетін қадірлеу керектігін үлгі етеді деп ойлаймын, - дейді көрермен болып келген Әсем Бахтиярова.

Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған кешкілік концертке домбырашы-күйші, музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрім, қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттап жүрген әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев өнерлерін паш етіп, домбыра туралы викториналық сұрақтарға жауап берген тұрғындарға авторлық домбыраларын тарту етті.

- Бұл күн - бабалар арманының алтын көпірі. Біз ел болып, тәуелсіздігіміздің байрағы мәңгі желбіреп тұруы үшін рухани тетік – домбыра күні болуы керек еді. Өйткені домбыра талай ғасырдың, талай ғашықтың куәсі болған. Домбыра арқылы аға-буын мұңын да шақты, қуанышын да бөліскен, елдің тағдырын да шешкен. Алла бұйыртса, әлемдегі адамзат қазақты осы домбыра арқылы танитын болады, - деп әнші Рамазан Стамғазиев рухани азық болар ойларымен бөлісті.

Мерекелік шара Шығыс Қазақстан облысының әр түкпірінде де өтті. Домбыраға құрмет Шығыс өңірінде бұрыннан ерекше. Мәселен, соңғы жылдары облыс аумағындағы орта мектептер үзіліс кезінде дәстүрлі қоңыраудың орнына күй әуендерін жаппай пайдалана бастаған.

Ұрпақ бойына рух дарытып, қазақтың кім екендігін танытатын домбыраның қадір-қасиеті жыл сайын арта бермек.

Следующая →