Усть-Каменогорск
малооблачно
+8°
  • Усть-Каменогорск
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +11°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскемен Астананың туған күнін атап өтті

Облыс орталығында Астананың 20 жылдығына орай бірнеше мерекелік шаралар мен жарыстар, концерттік бағдарламалар мен қойылымдар өтті

Әсіресе, бұл жолы бұқараға бағытталған спорттық шаралар көп болды. 6 шілде күні Өскеменде велоспорттан екі бірдей жарыс ұйымдастырылды. Екеуі де елдің шығысында велосипед спортының дамып, халықтың велосипедке отыруын уағыздайды.


Көлік жасаушылар велосипедпен жарысты

Шаралар мен жарыстардың алғашқы шымылдығын велоспортшылар ашты. Бір қызығы, бұған көлік жасаушы мамандар қатысып, тұрғындарды экологиялық таза көлікті қолдануға шақырды.

Спорт сарайы маңында жиналған "Азия Автоның" 60 шақты спортшы-қызметкері "Нұртау" демалыс базасына дейін 37 шақырым жолға жарысқа шықты. Ал ұйымдастырушылар болса, веложарыс өскемендіктерге қос аяқты көлік құралын қолдануға ықпал етеді деген ойда.

- Былтыр да шілде айында қызметкерлер арасында жарыс ұйымдастырған едік. Биылғы велоспорт жарысын Астананың жиырма жылдығына арнап өткізіп отырмыз. Бұған балалар да, ересектер де қатысты. Қатысушылардың жанында автобус ілесіп жүрді. Шаршағандар болса, соған отырды. Ал "Нұртауға" жеткен соң, қатысушылар арасында шағын сайыстар өткіздік, - дейді "Азия Авто" ЖШС-ның қызметкерлерді дайындау жөніндегі маманы Қанағат Янгушаков.


Велоспорттың дамығанын қалайды

Ал велосипедке "аяғы байланғандардың" тағы бір тобы "Модуль" спорт кешеніне жиналып, балалар мен жасөспірімдер арасында қалалық жарыс ұйымдастырды. Бұған Мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің 40-тан астам велошабандозы қатысып, бес салмақ категориясы бойынша жарысты. Он жастан асқан балалар екі шақырымға жарысса, жасөспірімдер төрт шақырымға жарысты.

Ал жарысты ұйымдастырушылар Астанада велоспорттың дамығанын тілге тиек етіп, елорданы мерейтойымен велосайыс өткізу арқылы құттықтауды жөн көрген.

- Астана қаласы - дамып келе жатқан әлемнің жас астаналарының бірі. Бұл қалада велоспортқа аса көңіл бөлінгендігі бізді қуантады. Веложол салу, велосипед жүргіншілеріне жағдай жасау сынды жұмыстар алға басуда. Астанадан шыққан велошабандоздар, велоклуб спортшылары әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүр. Өскемен қаласында да веложолдар салынып жатыр. Бұл бізге спортшылар дайындауға таптырмас мүмкіндік. Өскемен - елдегі велоспорттың іргетасы қаланған алғашқы қалалардың бірі. Бізде бұл спорттың негізі қаланғанына 70 жылдай уақыт болған, - дейді спорт мектебінің бас жаттықтырушысы Виталий Копенкин.

Қазір бұл веломектепте жүз шақты бала дайындалып жатыр. Спорт мектебінен шыққан Қазақстан және Азия чемпионы Даниил Фоминых қазір Астана Про Теам командасында өнер көрсетуде.


Домбыра шертіп үйренді

Астана мерекесін атап өтуге балалар да атсалысты. Өскеменнің Сол жақ жағалау кешенінде балаларға арналған "Бізге сиқыршы қонаққа келді" атты ойын байқауы өтіп, этносаябаққа келген жанұялар бүлдіршіндерін қатыстырды. Байқау бағдарламасын ұйымдастырушылар балалардың ертегі, қиял әлеміне саяхаттап қайтуы үшін шығыс халықтарының қиссаларынан белгілі сұлтан, падишах, елші, керік сынды кейіпкерлер болып киініп, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

- Астана да еліміздің ертегі әлеміне бергісіз сұлтанаты. Бақ-дәулет пен бай-салтанаттың ордасы. Бұл мерейтойда бүлдіршіндерімізге сұлтанаттың құдіретін көрсетіп, ертегі әлемінен сыр шерткіміз келді. Бастысы отбасылық көңіл-күй сыйлағымыз келеді, - дейді Сол жақ жағалау кешенінің отбасылық демалыс жөніндегі маманы Ольга Савельева.

Балалар қамал ішінде шашылып жатқан ойыншықтарды жинап жарысты әрі хан сарайының ішінде тазалық орнатты. Би билеп, ойын ойнады. Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны шертіп көріп, оны қалай ұстау керектігін үйренді. Сұлтанмен бірге суретке түсіп, көңіл көтерді.


Достық үйі де қалыс қалмады

Мерекелік бағдарламалар легін қоғамдық бірлестік орталығы - Достық үйінің шығармашылық ұжымы жалғастырды. Елімізде алғашқылардың бірі болып ашылған Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі қазіргі таңда қоғамдық келісімді насихаттаушы рухани орталыққа айналған.

Оның үстіне, өткен жылдың соңында Металлургтер мәдениет сарайының ғимаратына көшкен рухани келісім мекемесі мерекелік шараларын кең алаңда өткізуге мүмкіндік алған. Мерекелік концертке жиналған қала жұртының алдында сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Асқар Нұртазин Шығыс өңірінің бейбітшілік пен бірлікті сақтауда үнемі бастамашыл болатынын тілге тиек етті.

- Астана - тез дамыған елдің, мәңгілік достықтың символы. Елордамыз барша ұлт пен ұлыстың бас қосқан бірлік мекеніне айналды. Астананың болашағы жарқын, еліміздің де келешегі кемел. Бейбіт өмір сүрген елдің алар асуы мол болмақ. Шығыс өңірі де бірлік пен берекені дәріптеуші аймаққа айналды. Біз елде алғаш болып Достық үйін құрып, этноауыл тұрғыздық. Бейбітшілік пен келісімнің жол картасын бірінші болып әзірлеп, республикалық деңгейге жеткіздік. Ғылыми-сараптамалық кеңес құрып, алғаш болып этникалық тілдерді оқытатын мектеп аштық, - дейді Асқар Қисаұлы.

Халық алдына шығып этномәдени бірлестік өкілдері де Астана күнімен ел-жұртты құттықтап, өнер көрсетті. Ақындар жағы Астананың мерейтойына жыр арнап, оны көпшілік алдында мәнерлеп оқыды. Мерекелік шараға бүлдіршіндер тобы қатысып, ән айтып, би биледі. Этномәдени бірлестік өкілдері қазақша ән шырқады.


Шығыстың қос жұлдызы ән шырқады

Мерекелік шаралардың соңын қаламыздың белгілі шығармашылық әртістері мен еліміздің танымал жұлдыздары қатысқан, "Нұрлы жол" саябағында өткен ән кеші түйіндеді. Бұл жолы Өскеменге Астана күнімен құттықтап, қазақ шоу бизнесінің жарық жұлдыздары Руфат Маратұлы мен Айдана Меденова қонаққа келді. Екі әртіс те Шығыста дүниеге келіп, қазіргі таңда Алматы қаласындағы өнер ортасында жүрген жандар.

Туған жеріне құр келмей, тағзым жасауға келген Руфат Маратұлы жақында клипі түсірілген, бұған дейін ән қоржынында жатқан Өскеменнің қос өзені мен Тарбағатайдың Арғанатын жыр қылған "Туған жер" әнін шырқады.

- Туған жер маған қашанда ыстық. Туған-туыстарым мен ата-анам, жолдас-жораларым бәрі Шығыста тұрады. Туған өлкеме жолым жиі түсе бермесе де, көңілім қалап, жиірек ат басын бұруға тырысамын. Ел-жұртты қуантуға, дос-жарандармен кездесуге не жетсін. Туған елімді Астанамыздың жиырма жылдық мерейтойымен құттықтаймын, - дейді Руфат Маратұлы.

Әншінің өзі де Алматыда жүріп, Шығыстың біртуар азаматы Ринат Зайытовпен үнемі байланыста болып, көптеген әндерінің сөзін талантты ақынға жаздыратын көрінеді.

Ал ән кешінің соңғы шымылдығын Айдана Меденованың өзі жапты. Мерекелік концертке жиналған жастар қос әртіспен бірігіп ән шырқап, би биледі.

Следующая →