Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жолдар, жолдар...

Көктем, жаз мезгілі сайын облыста жол жөндеу жұмыстары басталады. Өкінішке орай, шығысқазақстандықтар үшін бұл жұмыстар көбінесе ойықтарды жамаумен шектелуде

Облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары тоқтап тұр

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жауапсыздығынан Өскеменде жол құрылыстары тоқтатылған. Атап айтсақ, Меновное кентінен Ахмер ауылына дейінгі және Тоғастың ұзаққа созылған көшесін қайта жөндеу жұмыстары сәтсіздіктің сәл-ақ алдында.

- Бізбен келісімшарт та жасалмады, тапсырма да берілген жоқ. Сондай-ақ, құрылыс үшін қызыл сызық сияқты арнайы геодезиялық белгілер де жоқ, - дейді "Су-проект" ЖШС-ның жобалаушысы Досан мырза.

Осылайша, Тоғас көшесінде Лопатино аралынан Ахмерге дейінгі жол құрылыстары тоқтап тұр. Ал жобаны қосымша әзірлеу, кем дегенде, төрт айға созылады. Яғни, құрылысшылар өз міндеттеріне тек күздің ортасында ғана кіріспек.

Өзге де мердігерлік компаниялардың өкілдері жөндеу жұмыстарын уақытша тоқтату себебін жобалау институтының техникалық тапсырмаларды қате бергендігінен деп түсіндіреді. Ал "Су-проект" ЖШС жобаға қажетті түзетулер енгізілгенге дейін Меновное кентінен Ахмер ауылына дейінгі жолды қайта жөндеу жұмыстарын кемінде бес айға тоқтатуға мәжбүр.

- Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мамандарының сауатсыздығы техникалық жобалаудың бастапқы жұмысының дұрыс еместігіне әкелді. Мердігер қателіктерді анықтады, жұмысты тоқтатты. Енді үлкен шығындарға ұшырайды. Олар несиені қалай төлейді?! - деді Өскемендегі бірқатар құрылыс нысандарында болған облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, облыс орталығындағы басқа да нысандардағы мердігерлер жұмыстарды белгіленген мерзімге дейін аяқтауға асығар емес. Облыс әкімінің айтуынша, кінә - жол құрылысы компаниялары директорларының немқұрайлылығында. Мысалы, Протозанов көшесіндегі Даңқ мемориалынан Үлбі көпіріне дейінгі және Жібек жолы көшесінің қиылысындағы Сәтпаев даңғылынан Карл Маркс даңғылына дейінгі жолдарды қалпына келтіру жұмыстарында еш өзгеріс жоқ. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің талаптарынан кейін мердігерлер жұмыстың қарқынын жеделдетуге уәде етті.


Жаңа жол жаңа технологиямен салынуда

Сәтпаев даңғылынан Самар тас жолына дейінгі жаңа жол биыл ашылады. Көліктер ағыны толастамайтын ауданаралық күре жол жұмысының сапалы жүргізілуі аса маңызды. Облыс басшысы күре жол бойындағы құрылысшылармен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Құрылысшылар мерзімінен бұрын жұмыс істеуде және жаздың соңына қарай жаңа жол Южный көшесімен қиылысатын болады.

- Жол құрылысына қажетті материалдарды дайындауға кіріскенбіз, сондықтан материалдар жеткілікті. Техника да әзір. Бастапқы бөлінген 150 млн теңгені игердік. Жол құрылысының сапасын техқадағалаушы, тиісті департамент, тәуелсіз зертхана өкілдері қадағалауда, - деп "Терезе" ЖШС мердігер компаниясының басшысы Ұлықбек Тумашинов жол құрылысында сапаға баса мән беріліп отырғанына сендірді.

Мердігер компанияның жобалаушысы Әлібек Кәрібектің айтуынша, 3 шақырым жолдың асфальтты бетінің астына көктемгі су әсерінен қорғайтын геотекстиль, яғни, арнайы синтетикалық төсеніш материал төселуде. Әрбір 30 сантиметрден кейін топырақты арнайы көлік арқылы басып отырады. Ол жолдың қар және жаңбыр суының әсерінен тесілуіне, жолда шұңқырлар пайда болуына жол бермейді. Сондай-ақ, жаңа тас жолда ылди бірден төмен болмас үшін құрылысшылар жолды 10 метрге көтеруге мәжбүр. Бұл жаңа технологиялар өңірімізде бірінші рет қолданылуда.

- Жол құрылысының бірінші кезеңін аяқтау үшін құрылысшыларға тағы бір миллиард теңге қажет, - дейді мердігерлер.

Үш шақырымдық жол учаскесіне өңірлік және республикалық бюджеттен, шамамен, 2 миллиард 400 мың теңге бөлінген. Жаңа магистраль төрт жолақты және ені 16 метр болады. Мұндай құрылыс нысаны, негізінен, ШҚО-да бұрын-соңды жүрмеген.

- Егер барлық талаптар мен міндеттер өз кезегінде орындалса, ешқандай қаржылық мәселе туындамайды, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Сонымен, билік мердігерлік компанияларды уақытша қаржыландырып отырса, Сәтпаев даңғылы мен Самар тас жолын жалғайтын құрылыстың бірінші кезеңі күзге дейін аяқталмақ. Мемлекеттік құрылымдардың тарапынан бақылау бары анық. Ең басты бақылаушы - адамның ары екенін ұмытпау игі.

Следующая →