Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -7°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -6°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -11°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Уральск
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейдің жағдайы оңалып келеді

ШҚО әкімі Даниал Ахметов еліміздің рухани ордасы, Алаштың астанасы - Семей қаласына іссапармен барды. Сапар барысында бірнеше құрылыс нысандары мен оқу ордаларын және жедел жәрдем ауруханасының жұмыстарын бақылап, көріп қайтты

Құрылыс жұмыстары қайта жанданды

Былтыр Семей әуежайындағы аэровокзалдың және ұшып-қону аймағының қайта жөндеу және жаңарту жұмыстарына көңілі толмай, мердігерлер мен басшыларға ескерту жасап кеткен облыс басшысының бүгінгі таңда атқарылған жұмыстарға көңілі тоқ. Себебі ескертпелер жерде қалмай, ұшып-қону жолағы мен аэровокзалдың ішкі және сыртқы құрылыстарын жаңарту жұмыстары қарқын алған.

- Жүктелген жұмыстардың 70%-ы орындалды деуге болады. Ғимаратқа шатыр қою жұмыстары да аяқталуға жақын. Көріп тұрғандарыңыздай, жаңа терезелер орнатылып, барлық жылу жүйелері ауыстырылды. Сот ісі біраз жұмыстарды дер кезінде бітіруге кедергі келтірген, - дейді "Терезе" ЖШС бас директоры Ұлықбек Тумашынов.

Мердігер компания басшысының айтуынша, әуежайды қайта жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңы немесе қазан айының басында толығымен аяқталып, халықтың қолданысына берілмек. Сондай-ақ, міндеттелген ісінің тізіміне кірмесе де, "Терезе" ЖШС директоры стелладан әуежайға дейінгі жолға сапалы асфальт төсемекші.

Айта кетейік, бұл жобаға бюджеттен 10 млрд теңге қаражат бөлінді. Бүгінде, шамамен, оның 9 млрд теңгесі жұмсалып, 1 млрд 700 мың теңгесі игеру алдында қалды. Сондай-ақ, жобаға қосымша тағы да 10 197,4 млн теңге қаржы бөлу қарастырылуда.


Ыстық су жыры шешілген

Семей қаласына барған сапарында облыс әкімі Даниал Ахметов жылу қазандығының техникалық жағдайы мен жұмысын қадағалап, 1-аудандық қазандығындағы ыстық су көзін қайта қалпына келтіру жұмысының барысын көріп қайтты. Сол жағалау тұрғындарының 90 пайызын және бірнеше маңызды әлеуметтік нысандарды жылу және ыстық сумен қамтып тұрған ЖЭО-1-дегі бұрынғы ескі қазандықтар түгелдей ауыстырылып, жаңа Е-35-3, 9-440КТ қазандығы және SST-110 “Tandem” құбырлары қойылған. Сондай-ақ, электрофильтрлер, түтінсорғыш, түтінгазы, реактивті сорғы станциясы орнатылып, тазарту құрылыстары да жүргізілген.

- 20 жылдай шешімі табылмай келген бұл мәселе бүгін өз шешімін тапқандай. Солай емес пе? - деп аймақ басшысы талай жылдан бері осы мәселе төңірегінде жазып жүрген журналистерге сауал тастады.

Өз кезегінде жергілікті төртінші билік өкілдері де аймақ басшысына алғыстарын айтысты. Биыл-дан бастап облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен бүкіл қалаға ыстық су берілетін болды. Ескере кеткен жөн, соңғы 20 жыл бойы қалаға ыстық су берілмеген еді.

Айта кетейік, Семей қаласының 1-аудандық қазандығының қайта жөндеу және ұлғайту жобасына қазынадан 11 706,313 млн теңге қаражат бөлінген.


Облыс медицинасы ел көшін бастауы тиіс

Облыс әкімі Даниал Ахметов Семейдегі "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы шеңберінде салынған 325 орындық жедел медициналық жәрдем ауруханасында болды. Сапар барысында әкім барлық дәрігерлердің біліктілігі заманауи құрал-жабдықтардың қолданысына сай болуы қажеттігін атап өтті.

- Жыл сайын 68 дәрігерді біліктілігін арттыруға Еуропаға жіберіп отырамыз. 2400 дәрігер медициналық университеттерде қайта даярлау курсынан өтіп жатыр. Барлық бас дәрігерлер 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімде оқуға баратын болады. Елбасымыз айтып кеткендей, бізге бір реттік білім беру емес, өмір бойғы білім керек, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, жедел жәрдем ауруханасы әлемнің үздік емханаларының қатарынан көрінуі үшін дәрігерлерге ағылшын тілін үйрену міндеттемесі жүктелді. Осылайша, өңірдің бас дәрігері Марат Шорановтың айтуынша, аталған медициналық мекеме барлық халықаралық стандарттарға сай болмақ.

- Өскеменде роботтандырылған ота залы, травматология орталығы ашылса, бұл жедел жәрдем ауруханасы базасында заманауи құралдармен жабдықталған гибридті ота жасайтын 7 ота залы болмақ, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Бұдан кейін ШҚО әкімі ангиограф орналастырылатын ота жасау бөлмесін аралап көрді.

Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстандағы медициналық мекемелерді қамтамасыз ету үшін 17 миллиард теңге қаржы жұмсалған.

- Келер жылы медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін тағы 6 млрд теңге жұмсалмақ. Алдағы 3 жылда облыс медицинасы елдің көшін бастауы керек, - деді өңір басшысы.

Бүгінгі күні аурухана науқастарды қабылдап, толыққанды жұмыс істеуде.


Баспана бабы шешілуде

ШҚО әкімінің айтуынша, отандық экономиканың қозғаушы күші құрылыс индустриясы болуы керек. Бұл тұста "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы тұрғындарға төмен пайыздық мөлшерде тұрғын үй беруді қарастырады. Бағдарлама 2 бағытты қамтиды. Яғни, жеке тұрғын үй құрылысы мен көпқабатты үйлерді салу. Көпқабатты үйлер Семей қаласының жаңа Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатыр. Аталған ауданда биыл 486 пәтерлік 8 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Ал жеке тұрғын үй құрылысы Ақсай кентінде жүзеге асырылуда.

- Тегін берілетін телімдерді алу үшін бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу қажет. Ол үшін міндетті түрде "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның салымшысы атанып, депозиттегі есепшот 1,5-2 млн теңге көлемінде болуы шарт, - деді банк мамандары.

Бүгінде бағдарлама шеңберінде 2638 тұрғын "Ақсай" кентінің салымшысы есебіне тіркелген. Сонымен қатар, талаптарға сәйкес әрі төлемге қабілетті деп танылған алғашқы 50 салымшы жақын арада бұл ауданнан
баспана алмақ.

- Алғашқы 50 салымшыны толығымен жарық және сумен қамтамасыз етіңдер. Ол үшін керекті қаражатты да бөлеміз. Бұндай құрылымдар қамтамасыз етілгеннен кейін сұраныс та көбейеді. Жалпы құрылыс жұмыстарына көңілім толады, - деді салынып жатқан бірнеше тұрғын үйді аралаған облыс әкімі.

Жеке тұрғын үйлердің сыртқы пішіні, сәулеті бірдей. Бірақ бұған қарамастан әрбір салымшы жоба эскизін сызу барысында қанша бөлме болатынын, қандай құрылыс материалдарын қолдану керектігін өздері таңдай алады. Әр баспананың бір шаршы метрі 120 мың теңгеден аспайды. Ал үйлердің құрылыс жұмыстарымен "Сәт Транс" және "Өркен" ЖШС айналысады.

Аймақ басшысы бұған дейін де ескерткендей, аталған бағдарлама аясында облыста ұсқынсыз әрі сапасыз ғимараттарды салуға жол бермейді.

Одан өзге, шаһарда студенттер жатақханасы салынып жатыр, 5000 орындық "Абай арена" атты ірі спорттық кешен бой көтеруде, ішкі және транзиттік жолдар жөнделіп, Алаштың астанасы 2-3 жылда түбегейлі өзгермек.

- Елбасымыздың арқасында қаладағы келелі істер жүйесін табуда. Барлығы да өз сәтімен келе жатқанына қуаныштымын, - деп түйіндеді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.


Следующая →