Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жұмыс орнында бес адам мерт болды

Биыл өндіріс орындарында 63 адам жарақат алып, бес жұмысшы қайтыс болған, ал 26 адамның жарақаты ауыр. Еңбек инспекторлары болса, өндірісте жарақат алғандардың саны еш азаяр емес деп отыр

Былтыр да төрт айдың ішінде 63 адам жарақат алған болса, оның екеуі ғана қайғылы оқиғамен аяқталған. Ал биыл бес бірдей жұмысшы өндірісте жүріп, көз жұмғаны белгілі болып отыр. 
- Еңбек инспекторлары ауруханаға түскен жұмысшылардың не өздері арызданып келген қызметкерлердің арызы бойынша өндіріс орындарында жарақат алғандардың жағдайын, оған себеп болған факторларды тергеп-тексереді. Арнайы комиссия құрылып, жазатайым жағдайдың анық-қанығы анықталып, жұмысшыға қалай төлемақы берілу керектігін шешеді. Төлемақыны кәсіпорын да, мемлекет те, сақтандыру қоры да төлейді. Егер жұмысшының жағдайы ауыр болса, онда үшжақты төлемақы беріледі. Жұмысшы көз жұмса, оның жанұясына ай сайын төлемақы төленіп отырады, - дейді ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов.
Әсіресе, тау-кен өнеркәсібі, көлік және құрылыс саласы, бюджеттік мекемелерде жүріп жарақат алатындар көп екен. Сондықтан елімізде 2005 жылдан бастап қызметкерлер мен жұмысшыларды міндетті сақтандыру заңнамасы енгізіліп, барлық мекемелер жұмыс орындарын сақтандыру компанияларына тіркей бастаған. 
- Кәсіпорындар қызметкерлерін емес, металлург, мұғалім, жүргізуші сынды жұмыс орындарын сақтандырады, - дейді бас инспектор.
Жоғарыда айтылғандай, жұмысшының екеуі құрылыс нысандарында жүріп мерт болған. Бұл екі мекеменің де ісі сотқа жөнелтілген. Бірі жұмысшысына өзіне кәсіби түрде міндеттелмеген істі жүктеп, оның ақыры қайғылы оқиғаға душар болғаны үшін жауап бермек. Ал құрылыс нысанынан құлап қаза тапқан екінші жұмысшының ісі де қазір сотта қаралып жатыр.
Следующая →