Усть-Каменогорск
ясно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +22°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қарызы бар пәтер иелеріне несие берілмейді

Пәтер иелері кооперативіне қарызы бар тұрғындарға несие берілмейді. Осылайша борышкерлерді жөнге келтірмек

Өскемен қаласындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары өз ПИК-теріне қомақты қаржы қарыз болып шыққан. 30 мамырдағы жағдай бойынша жалпы қаладағы пәтер иелері кооперативтеріне тұрғындардың берешегі 252 млн 397 мың теңгені құраған. 
- Міндетті жарналар ай сайын төленіп отыруы керек. Бірақ кейбір азаматтар өз міндеттерінен жалтарып жатады, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Фархат Жылыбаев. - Ақы уақытылы төленбеуінің салдарынан жоспарлы жөндеу жұмыстары да жүргізілмейді. Ал уақытылы ақы төлеп отырған пәтер иелері жауапсыз көршілерінің кесірінен зардап шегіп отыр.
ПИК, ЖШС, ЖК басшылары қарызы жиналғандарға арыз жазса да, сот орындаушылар көп жағдайда бұл арыздарды жүзеге асыра алмай жатады. Бұл қарызды төлету үшін ПИК Ассоциациясы "Алғашқы несиелік бюро" ЖШС-мен меморандумға қол қойған. 

Бұл келісім бойынша, ПИК-ке қарызы бар өскемендіктерге қарызын толық өтемейінше, несие берілмейді.

Ескере кеткен жөн, пәтер иесі үш ай бойы пайдалану жарнасын төлемей келсек, пәтер иелері кооперативінің төрағасы оның үстінен сотқа арыздануға құқылы.
Следующая →