Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жастар шет елге кетуге неге құмар?

Соңғы кезде сол білімді өз елінен емес, шет елден іздейтін жастардың қатары көбеюде. Неліктен? Көрші елге кетуге жұрт неге сонша құмар?

Мына заман – білектінің емес, білімдінің заманы. Сауатты адам сағаттың тілінен  қалыспайды. Елбасымыз да "Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жыл­дам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді" деп текке айтып отырған жоқ. Алайда соңғы кезде сол білімді өз елінен емес, шет елден іздейтін жастардың қатары көбеюде. Неліктен? Көрші елге кетуге жұрт неге сонша құмар?

Мемлекет әр баланың 11 жыл бойы білім алуына 3 млн 200 мың теңге жұмсайды екен. Сонымен қатар, бір тұлғаның қалыптасуы үшін қаншама  адамдар тер төгеді. Қосымша тағы да басқа дәлелдерді ескерсек, жастардың шет елдерге кетуі ел үшін үлкен шығын, шашылған дарын.
- 2016-2017 оқу жылында ШҚО-ның 890 мектеп түлегі шет елдердегі жоғары оқу орындарында білім алуға кетті. Ал биылғы, яғни, 2017-2018 оқу жылында 600-ден астамы шет елге кетіп, білімін жалғастыруды жоспарлап отыр, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсел Қайырбекова.
Биыл мектеп бітірген 9740 түлектің тек 7259-ы, яғни, 74 пайызы ғана ҰБТ-ға қатысады екен. Білім дәрежесі нашар оқушылар тестке қатысудан бас тартып отырғаны түсінікті. Қалғаны қайда кетеді сонда?!

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Асқар Нұрғазиев мұндай жағдайдың орын алу себептерін де атап көрсетті. 
- Бі­ріншіден, ҰБТ тапсыруға құлықсыз түлегіміз шетелдің тегін оқуын таңдайды. Көр­­ші елдің жоғары оқу орнын бітіретін түлектерге берілетін басты артықшылық – оқуын тәмамдаған соң жұмысқа орналастырады. "Сіздерді тегін оқытамыз, кейін жатақханамен қамтамасыз етеміз, шәкіртақы беруге де кепілдік береміз" деп баурап алады. Кейбір университеттер, тіпті, таңғы астарын да бұл қатарға қосып қойған. Екіншіден, Қазақстанда оқу ақысы өте қымбат. Біздің мемлекеттік университеттер де бағаны жыл сайын көтере бермей, объективті түрде қараса екен, - дейді Асқар Қисаұлы.
Еске салсақ, бір жылдары мемлекет хоккейден Қазақстан құрама командасының 14 мүшесі - әлем чемпиондарына грант бөлінбей қалған. Олар мемлекеттік университетке оқуға түсіп, жылына 400 мың теңге төлеуге мәжбүр болған тұста Ресейдің универсиеттері тегін білім алуға шақырды. Кейін біздің облыстың демеушілері олардың 1 жылдық оқу ақысын төлеуге келіскен. Артынша бұл спортшы балалар Қазақстан-Американдық еркін университетіне ауысады. Себебі дәл сол мамандықтың ақысы бұл университетте мемлекеттік жоғары оқу орынына қарағанда 2 есеге арзан. 
- Ресейдің мектептері демографиалық ахуалды бастан өткеруде. Оларда оқушылар санынан мектептер саны көп. Ресей түлектерінің білім сапасы Қазақстандікіне қарағанда әлде қайда төмен. Оны өздері де мойындайды. Сонымен қатар, Ресейдің жоғары оқу орынын бітірген адамдар сол елдің азаматтығын да ала алады. Бұл үлкен мәселе, - дейді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ұстазы, социолог Элеонора Столярова.
Шет елге кететіндердің дені – мектепте үздік оқы­ған, талантты оқушылар.  Бұл – ақыл-ой көші. Экономикаға пайдалы жастық қуаттың, жұмыс әлеуетінің кетуі – мемлекетке қауіпті.
- Үш жиенім Ресейдің Томск қаласында білім алып жатыр. Оларды қазірден-ақ, Ресейдің үздік компаниялары жұмысқа тартып жатыр. Жалақылары да аз емес. Мен оларға "сендер елге қызмет етіп, ел экономикасын нығайтуға үлес қосу керексіңдер" деп айту үшін, оларды елге қайтару үшін қандай аргументтерді негізге аларымды білмеймін. Нақты дәлелді операцияларға көшу керек, - дейді  Асқар Қизанов.
Биыл Президенттің бастамасымен елімізде 20 мыңнан астам білім гранты бөлінбекші. Сонымен қатар, облыста 400 әкім грантына бюджеттен 5 млрд теңге бөлініп отыр. Енді түлектер жақындарының қасында қалып, алыс-жақын шет елдерге кету қарқыны біршама  азаятын шығар деген үміт бар.
Следующая →