Усть-Каменогорск
ясно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +6°
  • Кокшетау
    +8°
  • Костанай
    +6°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тұрғындар шағымдана алады

Өскеменде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтың отырысы болып өтті

29 адамнан құралған арнайы мониторингтік топ үш күнде Үржар, Аягөз ауданы мен Зайсан, Өскемен қалаларындағы мемлекеттік мекемелерде болып, тұрғындармен сөйлесіп, елдің мемлекеттік қызметке деген сенімін бақылап қайтқан. 
- Біздің халықтан жасыратын ештеңеміз жоқ. Мемлекеттік қызметкер мен қызметтер барынша ашық болуы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкер кез келген адамның сұрағына "қанағаттанарлықтай" жауап бере алуы керек. Егер қызметкер, адамдарға бейәдептік танытып, дөрекі сөйлесе, тіпті, аяғы көк пен жерді тіреп тұрса да, мұндай адамға мемлекеттік қызметтен орын жоқ,- деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин.
Сондай-ақ, Арман Бердалин агенттік негізінде іске асып жатқан "Қоғамдық бақылау картасы" жобасы туралы хабарлады. "Qamqor азаматтарға" қосымшасы арқылы облыс орталығының кез келген тұрғыны ғаламтор желісін пайдаланып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын, жол құрылысын және өзге де мемлекеттік қызметке қатысты мәселелерді бақылап, сапасыз жұмыстар бойынша мемлекеттік органдарға шағымдана алады. Қосымша арқылы кез келген азамат жасырын немесе ашық түрде өзін қызықтырған сұрағын немесе мәселесін көтеріп, оған сурет немесе бейнематериал қоса алалы. Бұдан әрі өтініш құзіретті органға жіберіледі. 

Айта кетейік, мониторингтік топтың құрамында бірде-бір мемлекеттік қызметкер болмаған. 
Следующая →