Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
ШҚО-ға аймақаралық кооперация аясында Батыстан бір топ делегация келді.
- Біздің өркениетіміз - робототехника. Бүгінгі күні біз Батыс Қазақстан облысымен жұмыс жасаудамыз. Электротехникалық жабдықтарды модернизациялап, жеткіземіз, - деді "Силумин-Шығыс" ЖШС-ның дамыту жөніндегі директоры Зоя Новолодская."Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг" - әлемдегі ірі мұнайгазконденсат кен орындарының бірі. Қарашығанақ жобасындағы Қазақстанның үлесі 6,5 миллиард долларды, яғни, 54,7 пайызды құрап отыр.
- Өзара интеграция, яғни, әрекет ету мүмкіндігін туғызудамыз. Шығыс Қазақстан облысының компанияларымен жұмыс істеу тәжірибеміз бар. ҚПО тасымалдаушылары мен мердігерлері арасында осы өңір компаниялары қатарының артқанын да қалаймыз, - деді компанияның бас директоры Эдвин Блом.Жиында Шығыс және Батыс Қазақстан облыстары арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салаларда серіктестік жасау туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, ШҚО әкімдігі мен "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг" те жергілікті экономиканы дамыту бойынша өзара серіктестік туралы меморандум жасасса, ҚПО мен "Силумин-Шығыс" ЖШС техникалық қызмет көрсету бойынша ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.
- Жалпы "Өскемен арматура зауыты" соңғы жылдары 100 миллион доллар көлемінде қайта жаңарту жұмыстарын жүргізді. "Силумин-Шығыс" ЖШС 60 миллионнан астам доллар жұмсаса, "Өнеркәсіптік арматура зауытында" бұл сома екі есеге артық. Облыс орталығындағы Өнеркәсіптік арматура зауытының мұнай кәсіптік жабдықтары мен құбыр жүргізу арматуралары Ресей мен Өзбекстанда да сұранысқа ие. Осылайша, біздегі әрбір кәсіпорын «техникалық толысу» тұрғысында өсу үстінде және бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз, - деп атап өтті Даниал Ахметов.Бұл Батыс делегациясының Шығысқа жасаған алғашқы сапары. Қазақстанның басқа да өңірлерімен келісімшарттары бар.
- Басты мақсат Қарашығанақ консорциумының көкжиегін кеңейту. Яғни, Қазақстандағы барлық өнеркәсіптік кәсіпорындардың мүмкіндіктерін саралаймыз, - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.Жиыннан кейін, делегаттар "Нұр жол" саябағы мен "Даңқ мемориалын" аралап, Өскеменнің көрікті жерлерін тамашалап қайтты.