Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мемлекеттік тіл тапталмасын десең...

Расында да, тілді сақтау тарихымызды, мұрамызды сақтаудан басталады екен

Мені іштей қынжылтатын бір мәселе, ол - бүгінгі таңда жас буынның санасында  қазақ тілі керексіз, пайдасыз деген теріс пікірлер. Тілді білмейді емес, біле тұрып сөйлемейтін топтарды қайтерсіз. Сонда, тілі-сау, жүрегі – аман қазақ қайда?! Тілі сорлаған елдің салт-санасы солғындап, рухы азып-тозып, төменшіктейтінін көре білген ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынов: "Тілдің өлгені – халықтың өлген" десе, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: "Қазақ пен қазақтың қазақша сөйлеспегенінен қорқамын" деген. Абай, Мұхтар сында алыптарымыздың тілінен жеріген, елдің мұң-зарына күлетін осындай топтардан не қайыр, не үміт бар? Әлемде дәл біздей тілді үйрену үшін 27 жыл уақыт сарп еткен ұлт, мемлекет жоқ шығар, сірә?!

Сондықтан, елдігіміздің мәні, тәуелсіздігіміздің мұраты – мемлекетік тілді тұғырына қондыруға асығуымыз керек. Ғасырлар асуында санамыз тентіреп, қап деп сан соғып, қапы қамау үшін, ең бастысы, әлемдік тарихта қазақ болып қалғымыз келсе ана тілімізді ардақтап, аялап өтуіміз абзал. Тіліміздің тұғырына мықтап орнығуы – 131 этнос пен 17 конфессия өкілдері тұратын еліміздің халқына байланысты. Демек, бұл этностар біздің татулық пен бірлік орнаған шаңырағымыздың ортақ тілі – қазақ тілін дамытуда да көш бастап, эталон болуы керек.       
                      
Республикамыздың Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында болашақта қазақ тілі кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатынын қадап айтып, тілдің қоғам өміріндегі маңызына тоқталды. Бұны әсіресе, мемлекет саясатын жүргізіп отырған әрбір мемлекеттік қызметкерге қаратылып айтылған сөз деп ұғынамын. Өйткені, осыдан 12 жыл бұрынғы "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" деген жолдауда айтқан Елбасының сөзі әлі де болса кейбір қазақтардың санасын оята қоймаған секілді. Айтыс ақыны Ринат Заитов айтпақшы: Білетіндері "Казакистан, Нурсултан, Нур Отан" деген 3 сөз. Білмеймін, меніңше ана тілін үйрену ата-бабаларымыздың тәуелсіз ел болу жолында төккен қанынан, қиған жанынан қиын емес деп ойлаймын. "Нұр Отан" партиясының ұйытқы болуымен өткізілген айтыста Айнұр Тұрсынбаева Қазақстандағы үш тілдің жағдайын, үш көйлегіне теңегені есімде: "Бір көйлегім бар қымбат, шетелге шыққанда киемін, бір көйлегім бар, жиналыстар мен келелі кеңестерде киетін, бір көйлегім бар, үйде ғана киемін" деп Балғынбек Имашевтің жұмбақтаса сөз сайысқан. Осылайша мемлекеттік тілдің әлі де діттеген жерге жете алмай, қазығына қағыла алмай жатқанын тамаша айтты. 

Билікті кінәлай бергеннен мемлекеттік тілдің мәртебесі өспейді. Мәселе - әркімнің ар-ожданында. Кез келген адам банкомат арқылы терминалдан қажет ақшасын алу үшін сондағы үш тілдің біреуін таңдайды. Ал өзінің тиесілі ақшасын қазақ тілінде алатындар аз. Басым көпшілігі орысша нұсқасын таңдайды. Бұл жерде бізге ұлтжандылық керек, бұл жерде ғана емес-ау, дүкенде де, базарда да, шаштаразда да, ұялы телефонға бірлік салғанда да, қоғамдық көлікте де, қайда барсақ сол жердің бәрінде өз тілімізді талап ететін нағыз азаматтық ұлтжандылық қажет. Ең құрығанда "Сәлеметсіз бе?!" деген сөздің анасын түсінбейтін өзге ұлт өкілдері жоқ шығар. Бұл қоғамның қазақ тіліне деген сұранысының болмай жатқандығын көрсетеді. 

Иә, жоққа шығармайық, "Мәңгілік Ел" идеясын жүзеге асыратын арынды да, ақылды ұрпақ өсіп келеді. Қазақ мектептері көбейіп жатыр, орта және жоғары оқу орындарында қазақ бөлімдері көптеп ашылып жатыр. Кішкетай бүлдіршіндеріміз тек қазақ тіліндегі мульфильмдерді көріп, күнделікті қолданыста да падаланып келеді.  
Сонымен қатар, мамандар осы бір жылдың ішінде әлемнің 18 үздік кітабын ана тілімізге тәржімалады. Енді кез келген оқуға ниетті, білімін жетілдіргісі келетін азамат үздік туындыларды қазақ тілінде оқи алады. Сондай-ақ, қазақ тілінің сөздік қорына 3 мыңнан астам жаңа термин енгізілді. 

"Тілсіз ұлттық тәрбие болуы мүмкін емес. Тіл бар жерде ғана тәрбие де, дәстүр де болмақ" - дейді  Парламент  Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы. Халықаралық аренаға өзге ұлттың тілімен, өзге ұлттың дәстүрімен қалай жетеміз? Соны ойланайық.

Қорқыттың қобызына, Әнеттей абызыма үн қосқан, домбыраның шанағына күй қосқан  тілімнің; Сарыарқада сай сүйекті сырқыратып, Атырау мен Алтайда абыройы асқан, Еділден Ертіске еңіреп жеткен тілімнің; Абылайға алты алашты бір тудың астына жиғызған тілімнің көк түріктің қасиетті даласында көк байрағы желбіреген бүгінгі заманда ажарынан айырылып, босағада ұмыт боп, қап кетуі мүмкін бе?!
О, Тәңірім! Тау тұлғалы тіліме бармақтай бақ бере гөр!..

P.S.: Әрбір қазақ салғырттыққа салынбай жарнамаларда қазақша қате жазылған сөзді көрсе, ол мекемеге кіріп ескертіп, тыңдамаса Тіл туралы заңның 19-21-баптарын бұзды деп прокуратураға, болмаса сотқа шағымдана  алады. 
Следующая →