Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Суық су қымбаттады

Өскеменде 1 маусымнан бастап суық суға төлейтін тариф құны қымбаттайды

"Өскемен Водоканал" кәсіпорны 2019 жылға дейінгі тариф бағасын қалай өзгертетіндігі жайлы тұжырымдамасын 2015 жылы-ақ бекіткен. Соған байланысты аталмыш қазыналық кәсіпорын биылғы жылдың жазынан бастап жоспардың төртінші кезеңін іске қосады. Былтырғы жылы да Өскемен қаласында маусым айынан бастап суық су бағасы қымбаттаған болатын. 

Жаңа тариф құнына сәйкес, өскемендіктер судың әрбір текше метріне  61,89 теңге емес, 69,96 теңге төлейтін болады. 

Ал есептеуіш құралы жоқ пәтер иелерінің төлейтін тариф жоспары айтарлықтай өскен. Егер былтыр тіркелген әрбір тұрғын үшін ай сайын 470,63 теңге төленген болса, биыл тұрғындар 532 теңге төлейтін болады. Ал канализация үшін әрбір тұрғынға 749,2 теңге (бұрын 735,6 теңге) төленетін болады. Бағалардың барлығына ҚҚС қосылған. 
Жаңа тариф 2019 жылғы мамыр айының соңына дейін өзгермейді. 
Следующая →
Темы: ШҚО Су Баға