Усть-Каменогорск
ясно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +4°
  • Актобе
    +4°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +5°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +5°
  • Кызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Оқушылар Токамакты көруі тиіс

Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықты туристік орынға айналдыру қажет. Өйткені әлемде мұндай теңдессіз зерттеу орталығы жоқ

"Нұр Отан" партиясының қатысуымен өткен Саяси бюро отырысында аудан мен қалалардың киелі орындары туралы баяндама жасалды. Ал Курчатов қаласының әкімі баяндама барысында өндірістік қалада ешқандай да сакралды орындардың жоқ екендігін айтып, бұл өңірдің туристік әлеуеті төмен екендігін жеткізді. Алайда облыс әкімі Даниал Ахметов қолда бар алтынның қадірін білу керектігін, Курчатовта әлемде теңдесі жоқ Ядролық орталықтың, Токамактың бар екендігін ескертті. 
- Әлемде екі жерде ғана Токамак бар. Оның бірі Курчатов қаласында. Ірі мемлекеттердің бірде-бірінде Токамактың жұмысымен танысатындай мүмкіндік жоқ. Сондықтан өңірдің, елдің оқушылары Ядролық орталықтың жұмысымен танысып, Токамактың, ядролық реактордың не екенін білуі тиіс. Бұған арнайы бағдарлама дайындау қажет, - деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі 2011 жылы Жапонияның Фукусима атом электр стансасы жарылғанда, адамзат тарихында болып көрмеген мұндай экологиялық апаттың сипатына талдау жасалғанда, негізінен қазақстандық ғалымдардың зерттеулері қолданылып, оның салдары жайлы болжамдар жасалғанын тілге тиек етті.  

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Курчатовта "Жас физик-2018" атты жазғы мектеп ұйымдастырылған. 
Следующая →