Студенттік жатақхана жетпейді
Облыста 4 мыңнан аса студентке жатақхана жетпейді. Ал талапкерлерді жатақханамен толық қамту үшін тоғыз ғимарат салу қажет
Шығыс Қазақстанда жоғары оқу орындарының 13 мыңнан аса студенті басқа қаладан келіп оқиды. Оның 4 мыңнан астамы жатақханада тұрады. Тағы да төрт жарым мыңнан астам студент жатақханаға зәру.
Облыс әкімшілігі жатақханаларды кәсіпкерлермен бірлесіп салғалы отыр. Бес, жеті және тоғыз қабатты жатақханалар салынады. Қазір облыстық сәулет және құрылыс басқармасы жатақханалардың құрылыс типтерін дайындауда.
Следующая →
- Оның ішінде 2600 студент мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алады. Қалғандары - жекеменшік жоғары оқу орындарының студенттері. Өскеменде екі мың студентке, Семейде екі жарым мың студентке жатақхана жетіспейді. Биыл Семей қаласында 350 орынға арналған колледж жатақханасының құрылысы аяқталады. Семей медициналық академиясының мың орынға арналған жатақханасы әлі салыну үстінде, - дейді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы.Ал облыста білім алып жатқан барлық студенттерді тұрғын орынмен қамту үшін 9 жатақхана салу қажет екен. Білім беру мекемелерінің жатақхана салуға жер телімдерінің бар не жоғы анықталған. Оның ішінде үш жоғары оқу орны мен екі колледждің өз аумағы бар, жатақханалар сонда салынатын болады.
Облыс әкімшілігі жатақханаларды кәсіпкерлермен бірлесіп салғалы отыр. Бес, жеті және тоғыз қабатты жатақханалар салынады. Қазір облыстық сәулет және құрылыс басқармасы жатақханалардың құрылыс типтерін дайындауда.