Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Оқу ақысы өспейді

Облыста орналасқан мемлекеттік жоғары оқу орындарында биыл техникалық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша оқу ақысы өспейді. Былтырғы баға сол күйінде қалады

Аймақтық ЖОО-лар арасында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Шәкәрім атындағы СМУ биыл жоғарыда аталған мамандықтардың оқу ақысын көтермеуге уағдаласып отыр. 

Осы жылы Елбасы қосымша 20 мың мемлекеттік білім грантын бөлген. Оның ішінде техникалық бакалавр мамандықтары үшін 11 мың, ауылшаруашылық мамандарын дайындауға 5 мың грант бөліп отыр. Ал аталған мамандықтардың білім гранты да көбейгендіктен, елдің кейбір өңіріндегі жоғары оқу орындары оқу ақысын өсіре бастаған көрінеді. 
- Соған орай Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының оқу ақысын реттеп отыру туралы заң жобасын әзірлеп, Мәжіліске жіберген еді. Қазір қарауда жатыр. Ал облыс аумағында орналасқан мемлекеттік жоғары оқу орындары техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарының оқу ақысын өсірмейді, - дейді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы.

Следующая →