Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Туристік мұражайға тағы да қазынадан қаржы бөлінбек

Үржар ауданы Қабанбай батыр ауылында жылдар бойы бос қалған Мәдениет үйі ірі туристік мұражай кешеніне айналмақ

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан аумаққа облыс әкімі Даниал Ахметов  сапар шеккен болатын. 

Аумағы 300 шаршы метрді құрайтын туристік мұражайы "EXPO-2017" көрме кешенінен кем болмайтын сияқты. Себебі нысанның жұмысын дөңгелетіп отырған кәсіпкердің айтуынша, бағзы заманнан бергі қазақ тарихы мен өлке тарихынан сыр шертетін түрлі жәдігерлер, 3D голограмма және сенсорлы-ақпараттық экрандар мен сөрелер қойылып, тек заманауи үлгіде көрсетіледі. 
- Жобадағы барлық қажеттілерді жасап беремін, - деп сендірді  "Еңбек" мердігерлік компаниясының басшысы.
Нысанды қалпына келтіру жұмыстарына 164 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ, мұражайға атақты қалпына келтіруші, ҚР Көркемөнер академиясының академигі Қырым Алтынбаев жасаған "Алтын адамның" көшірмесі қойылатын болады. Мұражайға қойылатын басты жәдігер "Алтын адамның" екеуіне 40 млн теңге қаржы кеткелі отыр. Дегенмен аймақ басшысы мұражай қорын әлі де толықтыру қажеттігін ескертті.
- Қойылатын экспонаттар аз көрінеді. Толықтырыңыздар. Себебі, Алакөл демалыс аймағына өңірден ғана емес, республикадан, шет елден туристер келеді. Демалушылар бұл жерге келгенде, тамашалайтын дүниелері көп болуы керек. Тарихымыз туралы дәлелді заттарды көріп, мәдениетімізді танитын болады, - деді Даниал Ахметов.
Бұл ретте облыстың Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов қордағы және археологиялық зерттеулердің нәтижесінде табылған 3000 жәдігердің әкелінетінін айтты. 
- Егер барлығын ойдағыдай жүзеге асыратын болсаңыздар, облыстық бюджеттен тағы 250 млн теңге қаржы бөлуді қарастырамыз. Сондай-ақ, келіскен уақытта барлығы бітсе, ауданның орталығы Үржар ауылының жолына тағы да 300 млн теңге бөлетін боламыз, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Айта кетейік, Қабанбай батыр ауылындағы туристік музей кешені желтоқсан айында пайдалануға берілмек. 
Следующая →