Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -7°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -6°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -11°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Уральск
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Инсульт орталығы мамандары оқытылады

Облыста үш инсульт орталығы бар. Тағы екі аудандық инсульт орталығы ашылмақ. Инсульт орталықтары күзге дейін жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталады

Қазірдің өзінде орталықтарға МРТ, КТ жабдықтары сатып алынған,  тек жеткізу жұмыстары қалған. Компьютерлі томограф жыл сайын 4 мыңға жуық науқасты тексеріп шыға алады. Ал облыс әкімі Даниал Ахметовтің ойынша, күрделі технологиялық жабдықтар мен медициналық технологияларды жетік пайдалана білу үшін дәрігер мамандарды шетелде оқыту керек. 

Облыс әкімшілігі жыл сайын мамандандырылған дәрігерлерді шетелге оқуға жібереді. Биыл бұл бағдарлама бойынша елу дәрігер алыс шетелге аттанады. Даниал Ахметов бұл елу дәрігерден бөлек медициналық жабдықтармен жұмыс істейтін мамандарды да шетелге үш айлық курсқа жіберу керектігін айтады. 
- Жылдың соңына дейін шетелде оқытылатын дәрігер мамандарға ағылшын тілін үйретіп, келесі жылы шетелге оқуға жіберуіміз керек. Облыс ауруханаларына заманауи медициналық жабдықтар сатып әкелінуде. Бізде әлемде теңдесі жоқ трансплантология, робототехника орталығы, урологиялық аппарат бар. Биыл медициналық жабдықтар сатып алуға 16 млрд теңге бөліп отырмыз. Келесі жылы тағы 7 млрд теңге бөлеміз. Сонда ендігі жылы Шығыс Қазақстан облысы елдегі заманауи ауруханалары бар бірден-бір аймақ болмақ. Бізге көрші Ресейден азаматтар келіп емделетін болады, - дейді Даниал Ахметов.
Ал заманауи медициналық жабдықтарды ойдағыдай қолдана алу үшін білікті мамандар керек екендігі белгілі. Облыс әкімшілігі білікті мамандарды қалыптастыру үшін шетелде оқытуды жөн көріп отыр. Ал дәрігерлер білім алғысы келмесе, онда жұмыстан шығарылады. 
Следующая →