Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Түйінді мәселе шешімін тапты

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен Трамвай паркінде болып, көлік рельсінің жағдайын көріп қайтты

Осы аптаның басында Трамвай паркіне Алматыдан әкелінген  тағы 6 вагон түсірілді. Ал аптаның соңына дейін қалған төрт вагон межелі жеріне жеткізілмек. Қалаға алғашқы келген көлік легі қазірдің өзінде мамандардың бақылауында. Осы мақсат үшін саябақтың біреуі қайта жабдықталды.
- Трамвайды іске қоспас бұрын мамандар оның әрбір жерін, барлық электр құрылғысын жіті тексереді, - дейді "Өскемен қаласының көлік компаниясы" ЖШС директоры Владимир Панков.
Өскемен трамвайларының сыйымдылығы 211 жолаушыға дейін болса,  алматылық вагондарға 230 адамға дейін  сыяды. Естеріңізге салсақ, 13 вагонның құны 118 млн теңгені құраған.
- Бір вагонға орта есеппен 9 млн теңге бөлінді. Трамвайлардың техникалық күйі жақсы, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. 
Дегенмен, парк басшылығы жаңа вагондарды желіге шығаруға асығар емес. Мәселе - жүргізушілердің әлі бұл вагондарды қалай басқару керектігін білмеуінде. Бірақ өткен аптада парк жұмысы қайта жанданды.
- Осы аптада алматылықтар келіп, вагон жүргізушілері мен электриктерге техниканың қыр-сырын үйретеді. Әзірше өзіміздің 10 трамвай жұмыс істеп тұр. Чистяков көшесіндегі байланыс сымы ұрланғандықтан, №1 бағыт бойынша қиындықтар туындаған болатын. Барлығы ретке келтірілді, бағыттар бұрынғы режімде жұмыс істейді, - деп түсіндірді Владимир Панков. 
Айта кетейік, жол ақысы 65 теңге болып өзгеріссіз қалды. Ал алматылық жаңа вагондар, шамамен, маусым айында іске қосылмақ. Трамвай паркі басшылығының айтуынша, бұрынғы трамвайларға қарағанда бұл вагондар 20%-ға үнемді және біздің жағдайымызға толығымен бейімделген. 

Сонымен қатар, Өскемен вагондарының мәселесі де шешілді. Қазіргі уақытта парктегі 32 трамвайдың 12-сі пайдалануға жарамайтын болып шықты. Аймақ басшысы оларды металл түрінде өткізіп, қаражат табуды ұсынды. Ал Өскемендегі теміржол қоғамдық көлігін қалпына келтіру Алматы трамвайларын сатып алумен бітпейтіндігін айта кеткен жөн.
- Қалалық жолдар мен желілерді жаңартып, қоймаларды жөндеу керек. Толық жұмыс жоспарын жазып, әлі жасалуы керек барлық жұмыстарды қосыңыздар. Ал біз кезеңдік қаржыландыру мәселесін шешеміз. Маған 10 күннің ішінде бірінші кезекте не қажеттігі туралы тізімді беріңіздер, - деп тапсырма берді ШҚО әкімі Даниал Ахметов Трамвай паркінің басшылығына.

Следующая →