Темір жол бекеттері жарамсыз
Облыстағы темір жол бекеттері мен қоғамдық көліктердің бірде-бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделмеген
Автобустарда мүгедектерді қоғамдық көлікке отырғызатын жабдықтар жоқ болса, темір жол бекеттерінде не пандус, не пойызға көтеріп-түсіретін жабдықтар жоқ.
Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың үйлестіру басқармасы логистикалық нысандардың мүгедек жандарды тасымалдауға мүлдем жарамайтындығын айтып, мәселе көтеріп отыр.
Мәселен, Өскемен қаласында қатынайтын маршруттық автобустардың барлығы дерлік мүгедек жандар үшін жабдықталмаған десек болады. Тек сынақтан өткізіліп жатқан электробустың ғана мүгедектер арбасын көтеріп-түсіруге арналған жабдығы бар.
Мұндай мәселе ел деңгейінде көтерілмегендіктен, облыс әкімі қоғамдық көліктерді мүгедек жандарға арнап бейімдеу туралы министрлікке ұсыныс жолдау қажеттігін ескертті.
Следующая →
Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың үйлестіру басқармасы логистикалық нысандардың мүгедек жандарды тасымалдауға мүлдем жарамайтындығын айтып, мәселе көтеріп отыр.
- Өңірдегі темір жол бекеттері мүгедек жандардың жүріп-тұруына мүлдем ыңғайластырылмаған. Көбінде пандус жоқ не салған пандустар жүруге келмейді. Пойызға көтеріп-түсіретін аппараттары да жоқ. Мүгедек жандар қоғамдық көлікпен қатынай алмай қиналады. Өйткені автобустардың да арбаны көтеруге, түсіруге арналған керілмелі жабдықтары жоқ, - дейді басқарма басшысы Елена Старенкова.Ал аймақ басшысы Даниал Ахметов темір жол бекеті мен автобекет қызметін қатар алып отырған Өскемен вокзалын сынады.
- Өскемен вокзалының пандусы сын көтермейді. Бұл жекеменшік ұйым болғандықтан, біз оларға талап қоюымыз керек. Пандусын жөндеп, мүгедек жандарға жағдай жасасын! - деді Даниал Кенжетайұлы.Одан бөлек, аймақ басшысы қалада қатынайтын қоғамдық көліктерге де байқау ұйымдастырар алдында автобустардың мүгедек жандарды алып жүруге қаншалықты ыңғайлы екендігін қоса анықтап, мүмкіндігі шектеулі жандарға жайлы қоғамдық көлік иелеріне басымдылық беруді ұсынды.