Усть-Каменогорск
ясно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +6°
  • Кокшетау
    +8°
  • Костанай
    +6°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығыстағы жолдар жөнделмей жатыр

Биыл облыста қызу жол жөндеу жұмыстары басталу қажет болатын

Оның ішінде республикалық тас жолдардың құрылысы біртіндеп жасалып жатқан болса, қала көшелері мен облыстық маңызы бар тас жолдарды жөндеу жұмыстары сиырқұйымшақтанып кетті. 

Облыстық әкімдік ғимаратында болған отырыста аймақ басшысы Даниал Ахметов жол жөндеу жұмыстарының басталмағанын айтып, көңілтолмаушылық білдірді. ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, биыл аудандық, облыстық тас жолдар мен қала, елді мекен көшелерін жөндеу үшін 21 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде көшелерді жөндеу мен жарықтандыру үшін 12 млрд теңге қарастырылған. 

Өскемен қаласында былтырдан бері Сәтпаев даңғылы, Протозанов пен Астана көшелері, Славский атындағы жағалау бойында, Ахмер мен Меновное кенті, Понтон көпірі мен Ахмер кенті арасында жол құрылыс жұмыстары басталған болатын. Одан бөлек, Семей-Қарауыл, Дмитриевка-Шемонаиха, Көкпекті-Васильевская өткелі арасындағы жол мен Осинов асуы да жөнделуі керек. Алайда әкімнің айтуынша, биыл бұл жұмыстардың бірде-бірі басталмай, әлі тоқтап тұр, ал қаржы болса бөлініп қойған. 
- Қаражат желтоқсан айында бөлінген болатын. Ал жұмыстар болса, әлі басталған жоқ. "Дмитриевка-Шемонаиха" арасындағы тас жолды жөндеу үшін неге әлі келісімшарт жасалып жатқаны белгісіз. Тек Үржардағы Жалаңашкөл маңындағы жолдар ғана қызу жөнделіп жатыр. Ал қалған жол телімдерін жөндеу жұмыстары тоқтап тұр. Өскеменде жол жөндеп жатқан ешкімді көрмедім, - дейді Даниал Ахметов.
Аймақ басшысынан сын алған шенеуніктер енді жол жөндеу жұмыстарына қызу кірісері анық. Одан бөлек, облыс әкімі жауапты шенеуніктерге жол жөндеу жұмыстарының қашан бітетіндігі бойынша есеп беруді тапсырды. 
Следующая →