Усть-Каменогорск
ясно
+5°
  • Усть-Каменогорск
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +18°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +12°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
476.78
¥
61.89
4.79
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Халықтан жасыратын ештеңе жоқ

Өскеменде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтың отырысы болып өтті

Отырыс барысында есік жақта Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирге бейнежазба жасап тұрған қызды байқап қалған ШҚО  әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мемлекеттік қызметкердің баяндамасын тоқтып тұрып, тіл қатты. 
- Кешіріңіз, сіз не үшін мында видеоға түсіріп тұрсыз? Қандай мақсатпен?  - деді әкімнің орынбасары. 
Жиында Астанадан арнайы келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілдері де болған. Олар бұл жағдайды ешқандай теріс қылық деп қабылдамайтындықтарын жеткізді.
- Сонда осылайша бейнеге түсіріп тұру қалыпты болғаны ма? Сіздер әкімдіктен рұқсат алдыңыздар ма? - деді  ШҚО  әкімінің орынбасары.
Бұл түсінбестіктен кейін бейнежазбаға түсіріп тұрған қыз бөлмеден шығып кеткен болатын.
- Біздің халықтан жасыратын ештеңеміз жоқ. Мемлекеттік қызметкер мен қызметтер барынша ашық болуы тиіс. Агенттік те барынша ашық болуға шақырады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкер кез келген адамның сұрағына "қанағаттанарлықтай" жауап бере алуы керек. Егер қызметкер, адамдарға бейәдептік танытып, дөрекі сөйлесе, тіпті, аяғы көк пен жерді тіреп тұрса да, мұндай адамға мемлекеттік қызметтен орын жоқ, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин.
Айта кетейік, 29 адамнан құралған арнайы мониторингтік топ үш күнде ШҚО-ның алыс-жақын ауылдарын аралап, қала, аудан тұрғындарымен сөйлесіп, елдің мемлекеттік қызметке деген сенімін бақылап қайтқан. Бұл жиынның да мақсаты - сол жұмыстың нәтижесін талқылап, жоспарлар құру еді. 
- Мониторингтің топтың ішінде бірде-бір мемлекеттік қызметкер  жоқ. Себебі "қарға қарғаның көзін шұқымайды". Агенттік қоғаммен тығыз байланысқа, азаматтармен тікелей қарым-қатынасқа үлкен мән береді. Осындай кездесулер мен шараларда біздің өңірлердегі тұрғындармен әңгімелесуге, сіздерді толғандыратын мәселерді көтеруге мүмкіндігіміз бар. Құрметті шығысқазақстандықтар белсенді азаматтық ұстанымдарыңызды көрсетуге, яғни, осы әлеуметтік дертпен күреске белсене қатысуға шақырамын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру халықтың тиісінше құқықтық санасы болмайынша мүмкін емес, - деп мәлімдеді Арман Тілектесұлы.
Сондай-ақ, Арман Бердалин Агенттік негізінде іске асып жатқан "Қоғамдық бақылау картасы" жобасы туралы хабарлады.  Енді пара алғандарға қарсы арызды әлеуметтік желі арқылы беруге болады. Сондай-ақ, кез келген өңір тұрғыны интернет арқылы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын, жол құрылысын және өзге де мемлекеттік қызметке қатысты мәселелерді бақылап, сапасыз жұмыстарға шағым түсіре алады. 
Следующая →