Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жас кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік

Сіздің жасыңыз 14 пен 29 жас аралығында, бірақ, білім алып, маман иесі болуға немесе тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндігіңіз жоқ па?

Олай болса, "Жастар корпусын дамыту" жобасының көмегіне жүгініп көріңіз. Болашақта табысты кәсіпкер болғысы келетін белсенді әрі жұмыссыз жастар әлеуметтік жобаларын ұсыну арқылы тәжірибелі сарапшылардан бизнестің қыр-сырын үйреніп, өз кәсібін ашуға мүмкіндік алды. 

Шығыс Қазақстан облысында Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен қолға алынып отырған "Жастар корпусын дамыту" жобасының жүзеге асырылу барысы түсіндірілді. Пилоттық бағдарлама арқылы 1 млн теңге қайтарымсыз грант беріледі. Тіпті, арнайы тағайындалған шәкіртақысы да бар. Былтыр басталған жобаның жемісті нәтижесінің арқасында елдегі 2000-ға жуық жастар жас кәсіпкер атанды.
- Бұл жобаның аясында 1810 жас 536 әлеуметтік жобаны іске асырды. Осы жылы жобаға Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облысы қатысады. Былтырғы жобаның нәтижесінде елдің түкпір-түкпірінде 37 тігін өнеркәсібі, 27 тілдік курс мектебі, 76 бос уақыт өткізетін клуб, 79 спорттық сектор, 36 балаларды дамыту орталығы және тағы да басқа кәсіп өркенін жайды, - деді Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким.
Өз әлеуетін, өмірлік маңызы бар дағдыларын және көшбасшылық қасиетін дамытуға, ойындағы идея арқылы жобаны іске асыруға мүдделі 14 және 29 жасқа дейінгі азаматтар (жалпы білім беретін мектеп оқушыларынан басқа) жобаға қатысу мүмкіндігіне ие. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы білім беретін мектепте оқымайтын 14 жастағы белгілі бір сыныптан кейін мектепті жалғастыра алмаған азаматтар мен азаматшалар қатыса алады. Басымдылық жұмыс істемейтін және оқымайтын немесе жұмыс істейтін, алайда, табысы кедейлік шегінен аспайтындарға берілуде. 

Сонымен қатар, жобаға жастарды көптеп тарту мақсатында әр облыста 50 ақпараттық-консультант ниет білдірушілермен бірге жұмыс істейтін болады. Ал Жастар корпусын дамыту жобасынының аймақтық үйлестірушісі ретінде Серік Жүнісов бекітілді. 
- Жоба өте қызықты, әрі жастарды өз қала, аудан, ауылын жақсартуға тартады, әлеуметтік белсенді және жауапты болуға көмектеседі, облыстың жастар ұйымдарының әлеуетін арттырады, - деді ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ирина Смит.
Айта кетейік, жоба шеңберінде өңірдегі жастар гранттық байқауға өтініш бере отырып, 1 000 000 теңгені жеңіп, өз кәсібін бастай алады. Сонымен қатар, барлық қатысушылар жобаны іске асырғанға дейін 60 000 теңге (ЖОО-ның түлектері) және 40 000 теңге (қалған қатысушылар) мөлшерінде, яғни, 6 айға дейін ай сайынғы шәкіртақыны алады, дағдылар мен жобаларды басқару бағдарламасынан арнайы оқудан өтеді және менторлардың қолдауына ие болады. Келешекте барлық аймақты қамту жоспарланған бұл бағдарлама 2020 жылға дейін жалғаспақ. Сондықтан да мүмкіндікті пайдаланғысы келетін әр жас жобаның арнайы сайтынан (zhasproject.kz) толық ақпарат ала алады.
Следующая →